Бекі (ауыл)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Бекі ауылыМаңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, Оңды ауылдық округі құрамында.

Географиялық орны

Аудан орталығы Шетпе ауылынан оңтүстікке қарай 92 км, округ орталығы Оңды ауылынан 58 км жерде. Шетпе – Жетібай автомобиль жолы бойында орналасқан.

Тарихы

Ауыл 1970 – 1980 жылдар аралығы ферма орталығы болды.

Қазіргі жағдайы

Ауылда бастауыш мектеп, кітапхана, фельдш. пункт, телехабар тарату станциясы қызмет жасайды. Сонымен қатар дүкен және жолаушыларға қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану орны бар. Елді мекеннің аумағында мемлекеттік қамқорлығына алынған Бекі, Қараман ата, Есен ата сияқты тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Тұрғындардың көпшілігі жеке қожалықтағы мал шаруашылығымен айналысады.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Халқы

Тұрғыны:

  • 400 адам (216 ер және 184 әйел адам) (1999);
  • 400 адам (2006);
  • 697 адам (503 ер және 194 әйел адам) (2009).

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Маңғыстау ауданы елді мекендері