Оңды
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Оңды — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы.
Мазмұны
Географиялық орналасуы
Аудан орталығы – Шетпе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде, Шығыс Қаратау жотасының оңтүстік баурайында, шөл белдемінде орналасқан.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>
Халқы
- 706 адам (351 ер және 355 әйел адам) (1999)<ref name="source1">- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том</ref>;
- 988 адам (504 ер және 484 әйел адам) (2009)<ref name="source1"></ref>.
Тарихы
Іргесі 20 ғасырдың 50-жылдарының бас кезінде “Екпінді” және “Ақырап” ұжымшарларын ұйымдастыруға байланысты қаланды. 1978 – 1997 ж. қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы болды.
Ауыл шаруашылығы
Бұрынғы кеңшар негізінде шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Тарихи ескерткіштер
Оңды аймағында Қамысбай, Ақүйік, Бекі, Олжаның қызы, Есен-Ата сияқты тарихи-мәдени ескерткіштер бар.
Мәдениет саласы
Оңды ауылы тұрғындарына бүгінде бір мәдениет үйі, екі кітапхана мәдени қызмет көрсетіп тұр. Онды ауылы кітапханасында кітап қоры 8123 кітап.
Транспорты
Бүгінгі таңда аудан, облыс орталығымен жолаушы тасымалы тұрақты қалыптасқан. Аудан және облыс орталығына автобус пен газель күнде қатынайды.
Денсаулық сақтау саласы
Ауылда халыққа дәрігерлік қызмет көрсететін селолық дәрігерлік амбулатория жұмыс жасап келеді.
Әйгілі тумалары
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Маңғыстау ауданы елді мекендері