Бекболат Қанайұлы Тілеухан
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Бекболат Қанайұлы Тілеухан (7 тамыз 1966 жыл, Атасу кенті, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) — әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсінің III және IV шақырылым депутаты,<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті (2013 жылдың 24 желтоқсанынан бастап).<ref>ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ресми сайты: "Бекболат Тілеухан – Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының Президенті" http://ulttyqsport.kz/?p=1339</ref>
Білімі
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын халық әндерінің оқытушысы, концерттік орындаушы мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (1995) бітірген. Доцент.
Еңбек жолы
- 2004 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
- 1983 – 1987 жылдары Қазақ политехникалық институтының металлургия факультетінде оқыды.
- 1993 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясындағы халық аспаптар факультетінің халық әні бөлімін (педагогы Жәнібек Кәрменов) бітірді.
- 1992 - 2001 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы, доценті, халық әндері кафедрасының меңгерушісі.
- 1996 жылдан - фольклорлық ансамбль жетекшісі, 1997 жылдан - ҚР Республикалық гвардия жанындағы Президенттік оркестрдің көркемдік жетекшісі.
- 2001 жылдан - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.
- 2002 жылдан - ҚР Мәдениет және қоғамдық келісім вице-министрі.
- 2003 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Парламенті Мәжілісі III шақырылымынын депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
- 2007 - 2011 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісі IV шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
ҚР Президенттігіне үміткер — Н.Ә. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабының мүшесі (2005), «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі (2006 жылдан).
Жанұясы
- Жұбайы - Несіпбай Раушан Төлеутайқызы (1966 жылы туған), өнертану ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті;
- Ұлдары - Нұрмұханбет, Нұрдәулет;
- Қызы - Зейнеп.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>
Мемлекеттік марапаттары
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ДАРЫН» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері;
- 1996 жылы елбасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы берілді.
- 1998 жылы Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
- 2005 жылы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат «Парасат ордені» мен марапатталды;
- 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» мерекелік медалі;
- 2006 жылы «Қазақстан парламентіне 10 жыл» медалі;
- 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
- 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;