Безгек плазмодиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Адамда паразиттік тіршілік ететін безгек плазмодиясыныңн мәтін даму сатысын қарастырсақ. Безгек масасы адамды шаққанда, сілекеймен бірге адам қанына спорозоиттар түседі. Спорозоиттар өте майда 5-8 мкм, құрт тәрізді немесе орақ тәрізді. Олардың құрылысы кокцидиялардың зоиттар құрылысына өте ұқсас, тек коноиды болмайды. Қанға түскен спорозоиттар қан тамырлары арқылы бауырға жиналады. Осы жерде шизогония көбею кезеңі басталады.

  • Әрбір спорозоит бауыр жасушасына еніп, жұмырланып шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, бұлардан мерозоиттар пайда болады. Осыдан кейін шизогония екі жерде жүреді: мерозоиттардың бір тобы қайтадан бауыр жасушаларына еніп, жұмырланып шизонтқа айналып, олардың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, көптеген мерозоиттар пайда болады, ал мерозоиттардың екінші тобы бауырдан қанға шығып эритроциттерге енеді, сол жерде жұмырланып шизонтқа айналады, 2-3 сағаттан кейін шизонтта вакуоль пайда болады, сол вакуоль әсерінен шизонттың денесі сақина тәрізді болып тұрады. Кейін вакуоль жойылып, шизонт өсіп, амеба тәрізді болады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп 10-20 мерозоиттар пайда болады.

Безгек плазмодиясының даму сатысы

  • 1-масаның сілекей безінен шығып, адам денесіне еніп келе жатқан спорозоиттар, 2,3-адамның бауыр жасушасындағы спорозоиттардың дамуы, 4-спорозоиттардың мерозоиттарға ыдырауы, 5,6,7,8,9,10,11-адамның қызыл қан түйіршігіндегі паразиттің даму сатысы мен көбеюі (шизогониядағы мерозоиттардың пайда болып, эритроцитті тастап шығуы), 12-макрогаметоцит, 13-макрогамета, 14-микрогаметоцит, 15-жетілген микрогаметоцит, 16-маса денесінде микрогаметоциттен микрогаметаның пайда болуы, 17-ұрықтану, 18-маса ішегінің қабырғасына еніп бара жатқан ұрық-оокинета, 19-көптеген спорозоиттардың пайда бола бастауы, 20-спорозоиттардың шығуы, 21-масаның сілекей бездеріне спорозоиттардың жинақталуы, 22,23,24,25,26-адам ұлпасы жасушасындағы плазмодияның даму сатысы.
  • Бұлар эритроцитті зақымдап қанға шығады да жаңа эритроциттерге енеді, содан шизогония кезеңі қайтадан басталады және бұл процесс бірнеше рет қайталанады. Сөйтіп шизогония бауыр жасушасында және эритроциттерде өтеді. Шизогония кезінде адам қанындағы паразиттің саны артады, ал эритроциттердің саны азаяды. Сау адамның 1 қанында 5 млн эритроциттер болса, ал безгек ауруымен ауырған кезде эритроциттердің саны азайып 1 қанында 1 млн-ға жақын эритроциттер қалады.
  • Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозоиттар гамонттарға айналады. Гамонттар екі түрлі болады: макрогамонттар немесе макрогаметоциттер, бұлар пісіп жетілмеген аналық жыныс жасушалары және микрогамонттар немесе микрогаметоциттер, бұлар пісіп жетілмеген аталық жыныс жасушалары. Осыдан кейін әрі қарай даму адам қанында жүрмейді. Ендігі дамуы маса денесінде өтеді.

Безгек масасы ауру адамның қанын сорған кезде оның ішегіне қанмен бірге макро- және микрогаметоциттер түседі. Масаның ішегінде макрогамонттар (макрогаметоциттер) пісіп жетіліп макрогаметаға айналады, ал микрогамонттардың (микрогаметоциттердің) ядросы көпке бөлініп, пісіп-жетіліп қозғалғыш майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар және макрогаметалар қосылып зигота түзіледі. Зигота қозғалғыш келеді, сондықтан оны оокинета деп атайды. Оокинета масаның ішек қабырғасына еніп қозғалуын тоқтатады да, сыртына тығыз қабықша шығарып ооцистаға айналады. Ооцистаның ішіндегі ядро бөлінеді, мұның саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Әрбір ядро жұқа цитоплазмамен қапталынып, мыңдаған (10000-ға дейін) спорозоиттар түзіледі. Ооцистаның көлемі өсіп, мыңдаған спорозоиттар пайда болғаннан кейін жарылады. Қозғалғыш спорозоиттар безгек масасының аралас қуысына түсіп, гемолимфа ағынымен сілекей бездеріне жиналады. Маса адамды шаққанда оның қанына сілекеймен бірге спорозоиттар түседі. Даму кезеңі әрі қарай жалғасады. Сонымен безгек плазмодиясының тіршілік кезеңі өте күрделі және олар иесін алмастырып отырады, жыныссыз көбею адам қанында, ал жынысты көбею безгек масасының ішегінде өтеді. Плазмодияның негізгі иесі безгек масасы, ал адам аралық иесі болып табылады. <ref>Жалпы биология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009 жыл. ISBN 9965-36-790--6</ref>

Дереккөздер

<references/>