Зигота

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Gray3.png
Зигота.
Зигота - (грекше "zygotos" – бірге қосылған) – ұрықтанған жұмыртқа клетка; әртүрлі жынысты ағзалардың гаметаларының қосылуынан түзілетін диплоидты клетка (жұмыртқа жасуша ядросы мен сперматозоид ядросының қосылуы). Екі гаплоидты гаметалардың қосылуынан зигота процесінде (зиготалануда) сол түрге тән диплоидты хромосома жиынтығы бар ағза пайда болады. Әдетте, зигота бірден дами бастайды, кейде ол қатты қабықпен қоршалады және өсуге қолайлы жағдай туғанда зигоспораға (мысалы, кейбір саңырауқұлақтар мен балдырлар) айналады. Жыныссыз көбею кезінде пайда болатын споралардан зигоспораның айырмашылығы – ол таралуға емес, “сақталуға” бейімделген. Өйткені, онда қоректік заттардың қоры және қалың қорғаныш қабаты болады. Зиготаның таралуы зигоспораның өсуінен кейін жүреді де, спорангии түзіліп, жыныссыз көбею басталады (қара Жыныссыз көбею). Бір жасушалы зиготадан көп жасушалы ағзаның эмбрионалдық даму кезеңі өтеді, одан кейін дернәсілдік кезең және метаморфоз кезеңі өтеді, соңынан жетілген дарабас пайда болады.

Эмбрионалдық даму кезеңінде зигота:

  1. көптеген жасушалар түзе отырып, бірнеше рет бөлінеді;
  2. бұл жасушалар дифференцияланады (бір-біріне ұқсамайтын болады), яғни ересек организмге тән эпителиалды, бауыр, сүйек, т.б. жасушаларға айналады,
  3. ұрық жасушалары жеке тіндерге, органдарға және ағзаларға тән пішінмен сипатталатын әр түрлі құрылымға ауысады.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Сілтемелер

Зигота


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зигота|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}