Бегалы Күленұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Sozak District Kazakhstan.png
Дүниеге келген ауданы

Бегалы Күленұлының өмірбаяны

Бегалы Күленұлы (1847, Созақ ауданы, Сызған ауылы – 1927, сонда) – би. Ұрпақтар жадында ел қамын ойлаған парасатты ақыл иесі, сөзге шешен, алғыр би ретінде қалған. «Бегалы би айтты» деген ғибратты өсиеттер мен ол туралы «Бегалы бидің қос бәйгесі» сынды аңыз-әңгімелер сақталған.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Бегалы Күленұлы туралы әңгімелер

Ел бірлігі туралы әңгіме

Қазақтың ілгеріде өткен атақты би-шешендері сияқты Бегалы би де ел қамын ойлаған ақылды да,сөзге шешен алғыр би боп өткен. Ол өз қарамағындағы әр атадан, әр рудан құралған елдердің, ауыл-аймақтың өзара бірлігін, ынтымағын, ұйымшылдығын сақтауға бар күш-жігерін жұмсаған. Ел арасында осы кезге дейін ұмытылмай айтылып жүрген "Бегалы бидін қос бәйгесі" деген аңыз-әңгіме бар. Бұл ас-бәйге былай өтіпті. Бегалы би қайтыс болған әкесі Күленге бір жыл өткен соң ас бермек болады да, өзінің бір әкеден туған Иманберді, Сабыр інілерін, сол өңірдегі Маңғытай, Саңғыл, Ысты, Ошақты, Жетімдер, Сүлгетай т.б. рулардың белгілі, игі жақсылары - ел басшыларын ақылдасуға шақырады. Осы жиында бір жағынан Иманберді, екінші жағынан Сабыр өздерінің байлығын, барлығын көрсетіп, атақ-абыройға ие болу үшін "асты мен беремін, бәйгені мен тігемін" деп талас туғызады. Сонда Бегалы би:

- Ағайындар, алаауыздықты қояйық. "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді", "Бөлінгенді бөрі жейді, айырылғанды аю жейді" деген, Бүйтіп әр қайсымыз әр жаққа бөле тартпайық. Ыдырап, бытырамайық, ынтымақтасып, бірлесейік. Асты да, бәйгені де қосып бірге өткізейік. Бүгін мен өткізіп, ертең Иманберді, арғы күні Сабыр өткізіп, елдің берекесін кетірмейік. Әр елдің өзінше тірлігі бар. Мал жайы, егіс орағы, қыс қамы болады. Олардың уақытысын алып абылып, сабылта бермейік. Жарайды, бұл асты мен өз атымнан жеке дара өткізбей-ақ қояйын. Өткізем десем "Керсен алдымда, кездік қолымда" билік өзімде, шүкір, құдіретім жетеді. Мен атақ, дақпыртқа да қызықпаймын. Қандай дайындық жасасақ та, не бөлсек те бірлесе көрейік. Кәне Иманберді, Сабыр әкел қолды. Бұл ас-бәйгенің аты: "Қос бәйге" болсын.

Бегалы би осылай дегенде, оның жанында отырған Тәшімбет қажы ақ сақалын салалап:

- Бәрекелді, Бәкең дұрыс айтады, өзгенің бірлігі үшін өзін де аяп отырған жоқ. Жөн сөз. "Қос бәйге" дегенін осында отырған бәріміз де құптаймыз! - деп көптің ойындағысын білдіріпті.

Бегалы бидің сол ұсынысын оны кұптаған Тәшімбет қажының мына сөзін Бегалының бесік кертпе құдасы Жаманбай-Таздардың атақты биі Досбай қажы да, Қоңыр, Тазша елінің белгілі биі Көлбай да қуаттап бәрі пәтуаласыпты.

Сөйтіп, осы мәміле бойынша Бегалы би айткан "Қос бәйге" сол жылдың тамыз айында "Кіндіктөбе" жотасында (бұрынғы "Қызыл ту" "Қаңбақты" ұжымшарының аралығында, қазіргі Түркістан ауданы Ибата ұжымшарының даласында) өтіпті.

"Кіндік төбеде" өткен сол "Қос бәйгеден" қалған жұрнақ, Ихан, Ибатадан жіберілетін ат бәйге шартақтың орны осы күнге дейін бар. Ары өткен, бері өткендер "Бегалы бидін қос бәйге шартағы" деп еске алып өтеді, - дейді бізге бұл гәпті баян қылған Бегалы бидің Иманберді деген інісінің баласы Жұпарбек ақсақал.

Айтушылардың сөздеріне қарағанда ол ас-бәйге тіптен ырғын боп өтсе керек. Бегалы би сонау Әулиеатадан Майкөт ақынға, Сыр бойындағы Қожатоғайда жатқан Майлықожаға, Арқа жағына ел аралап кеткен өзінің туысы Құлыншаққа, Түркістандағы Молда Мұсаға, Қаратаудың күнгей бетіндегі Жетімтауда жатқан Зұлпықарға, Бөген, Боралдай бойындағы қисашыл Нұралы ақынға арнайы ат жіберіп алдырады. Бегалы би өзінің қатарлас, замандастары Байзақ, Сапақ, Дүйсенбі, Оңдыбай датқаларды, Досбай, Көлбай, Бағдәулет т.б. би-болыстарды күн ілгері шақырып той-тамашаның қызығына кенелтеді.

Сол думан-тойға алыстан ат арытып жеткен ақсақал ақын Майкөт өзінің ұзақтермесімен бастап кұттықтау айтыпты. Майлықожа болса, өзінің "Құлақ салғын халайық", "Жолдас болсаң жақсымен", "Ажал бір келмес болсайшы", "Жақсы адам қартайса", "Әр істі ақылдылар абайлайды" деген ел арасында айтып жүрген терме, толғауларын толғап шығады. Онан соң сол астың иесі боп жаршылық қызмет атқарып жүрген Құлыншақ ақын өтер астың мән-жайын, тәртіп ретін өлеңмен баян етеді де сөзінің аяқ жағын:

- Тұлпардың тұлпар болмағы,
Бәйгеден озып, жеткеннен,
Атанның атан болмағы,
"Шөк" дегенде шәкеннен.
Өгіздің өгіз болмағы,
"Өк" дегенде әкеннен.
Диханның дихан болмағы,
Бабын тауып еккеннен.
Шаруаның жақсы болмағы,
Қысы, жазы дамылсыз,
Малына терін төккеннен.
Ағайын араз болмағы.
Бірін-бірі сөккеннен.
Бидің де би болмағы,
Әділ ғып дауды шешкеннен.
Бекеңдей би табылмас,
Халқының қамын ескерген,

- деген термемен тамамдайды.

Тойпаздар қымызға қанып, тайдың етіне тойып алған соң кешке қарай ақын, жыршылар жатқан алты қанат ақ боз үйге қарай ағылады. Ондағысы ұзақ сонар қисса жыр тылдау еді. Айтқандай төрде өңкей би, болыс, датқалардың ортасында, Майкөт, Майлықожа жанында отырған қыссапаз Нысанбайдың Нұралысына жұрт назары ауады. Әр түстан: "Нұреке, қыссадан бастаңыз, "Сауда ишанды" айтыңыз, "Шәкір-Шәкіраттан" сыр шертіңіз десіп жатады. Құлыншақ ақын:

- Сендер ақынды әрі тартта, бері тартқа салып көкпар қыла бермеңдер. Қайсы жырды бастайды, ақынның өзі білсін. Біз тек қана ықылас қойып тыңдауды білейік, - дейді де Нұралыға қарап:
- Ал Нұреке, осы тойда барыңды қарыштап сілтеп қал! - деп қояды. Нұралы ұшатын қырандай қомданып қалды да: 
- Менде "Сауда Ишан" бар, "Жетім құбыл" бар, "Шәкір-Шәкірат" бар, "Төрт өнерпаз" бар, соның қайсысын айтсам екен? - деп, төрде құс жастықты шынтақтап отырған той иесі Бегалы биге қарайды. Би жастықты қойып, малдасын кұрып отырды да:
- Мен сенің қиссаларыңның бәрін де тыңдап жүрмін ғой. Былтыр Көлбайдын үйінде "Жетім құбылыңды", оның алдында Бағдәулеттің тойында " Шәкір-Шәкіратыңды" таң атқанша тыңдадық. Қалғанын өзің біл, - деп, қалауды өзіне салады.

Сол сол-ақ екен Нұралы домбырасын безектетіп күйлетіп алады да:

- Биссміллә сөздің ұраны,
Биссміллә деп бастаса,
Әр істің жетер мұраты.
Әр сабақтың басында,
Бір биссміллә тұрады,
Екі аят қып шығарған,
Бұл сөзді шайыр Нұралы.
Шоқай екен руы,
Боралдай екен тұрағы,

- деп, "Сауда Ишан" қиссасын бастай береді. Ақын бұл кіріспесін біраз жерге жеткізіп тастайды да мынадай әлқисса айтады:

- Бұл қиссаның уақиғасы, осы той иесі Биекеңнің аулы Созақ даласында. Шолақ қаласында өтіпті. Сондықтан да сөзді осы әңгімеден бастап отырмын,
- деп, маңдай терін бір сүртіп алады да, арман қарай Болат, Жанат оқиғасын дамыта берген. Қисса таң бозарып атқанша таусылмаған. Жұртшылық ақынды сілтідей тынып тыңдаған.

Таң атқан соң, ертеңгі астан кейін жамбы ату, мергеншілікке, палуандар күресіне кезек келген. Сол күні кешке қарай тойпаздар Молда Мұса мен Зұлпықар Балғабайұлын кеу-кеулеп айтыстырған. Боз бала кезінен бірге өскен, медреседе бірге шәкірт боп ер жеткен екі ақын ә дегенде бір-біріне батып сөз айта ал маған. Кейін табаны қыза келе екеуі өткір уытты әзіл-қалжыңға басқан. Айтыс аяғы намысқа тие бастаған соң ақсақалдар, аға ақындар "қой-қойлап" екеуін тоқтатқан.

Ертеңіне ат бәйге басталған. Тай бәйге, құнан бәйге, дөнен бәйге жеке-жеке жіберіледі. Тай бәйгеден Жетімдер ауылының күрең тайы озып келеді. Құнан бәйгеден Маңғытай жұртының қара көк құнаны бірінші боп мәреге жетеді. Дөнен бәйгеден Бабаатада тұратын Сүлгетай Бағдәулет деген беделді кісінің қара қасқа дөнені озып шығады. Ал, бесті бәйгеден той иесінің шұбар айғыры мен Досбай қажының "Тарта шап" дейтін Қызыл аты үзеңгі қағыстыра қатар келеді. Міне, осылайша қызыққа-қызық ұласып, ел мәз-мейрам болған. (Бұл әңгімені Досбай бидің "Тарта шап" тұлпарына мініп бәйгеге шапқан ол кезде 12 жасар бала, қырқыншы жылдары бұрынғы Шаян ауданы "Досан" ұжымшарының басқарма төраға]сы болған Ақтайлақұлы Махат қария айта беруші еді).

Бегалы би айтыпты дейтін шешімді билік, шешен сөздер, мақал, нақылдар елуінші жылдарға дейін әсіресе Қаратаудың теріскей, күнгей бетіндегі елдер арасында жиі естілетін. Бүгінде көне шежіре қариялардың қатары азая бастаған шақта, ілуде біреу ғана айтып аңыздайтын көрінеді.

Бегалы Күленұлы туралы әңгіме

Бегалы би жаздың бір күнінде ересек жігіт боп қалған өзінің Мейірбек деген баласын және Иманберді інісінің үлкен ұлы Саттарханды ертіп, Ташкенттен ары өтіп кеткен оншақты үй Саңғыл туыстарының артынан іздеп барады. Ондағы мақсаты оларды елге көшіріп келу екен. Туысқандары қуана көрісіп, кезекпе-кезек шақырып қонақ етіп күтіпті. Би асықпай жүріп ағайындарының үй-тұрмысымен, тіршілік кәсібімен танысыпты. Елде жүргенде әрқайсысы қора-қора малға ие болып, айран, сүт, қымыз, қымыранға кәнігі, қып-қызыл нарттай боп жүрген ағайындары бұл жаққа келген соң егіншілікпен, там согумен айналысып, ыстық аптапқа күйіп, қап-қара боп, қолдары күс-күс, азып-тозып кеткен сыңайын байқапты.

- Жағдайларың онша мәз емес екен, елге қайтыңдар, - депті.

Ақсақал, ағайындары:

- Биеке, үйреніп қалып едік. Бізді қозғамаңыз, - деп өтініпті.
- Сол жолы, - дейді бізге осы әңгімені айтып берген Әбділда Багдәулетұлы, - Бегалы биді менде үйіме шақырып күтіп, сыйладым. Дастарқан үстінде ол кісі көп әңгіме айтты. Сондағы айтқандарынан есімде қалғандары мыналар:
Есің барда еліңді тап,
Туысыңның шотын шап.
Барыңды сат, жүгіңді арт,
Ертерек елге қайт.
Әйелі семіз, өзі арық,
Жұтаған ерден сақтасын.
Жері сортаң, адамы қартаң,
Азған елден сақтасын.
Адасқанның айыбы жок,
Қайтып үйірін тапқан соң.
Ашылғанның айыбы жоқ,
Өзі біліп етегін жапқан соң.
Ұл өсірдік ер жетті, жөніне кетті,
Қыз өсірдік бой жетті, еріне кетті.
Екі ортада қалған ата-ана,
Төрінен көріне жетті.
Айбары жоқ, айтарыңды қайтейін.
Барары жоқ, қайтарыңды қайтейтін.
Қауқары жоқ, қайратыңды қайтейін,
Қаһары жоқ, айбатыңды қайтейін?
Келін балаң жаман болса
ұлыңнан көр,
Күйеу балаң жаман болса
қызыңнан көр.
Арқан бойы соқпақтың,
Тұсау бойы төтелігі бар.
Адамды арығында сыйла
Білгенді жөнімен қина.
Әке тілін алмаған ұлдан без,
Шеше тілін алмаған қыздан без.
Адал болса алғаның,
Жан серігің емес пе?
Сұлудан да сүйкімді,
Жан көрігің емес пе?<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Сілтеме

<references />


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бегалы Күленұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}