Дихан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дихан - Қазақстандағы қола дәуірінен сақталған обалар тобы. Алматы облысы Шелек ауданы Дихан ауылынан шығысқа қарай 0,75 км жерде, Шелек өзенінің сол жағасында орналасқан. 1956 жылы Орта Азия археологиялық экспедиция (жетекші Е.И. Агеева) зерттеген. Д-1 обалар тобында тас араласқан топырықтан үйілген 15 оба бар. Олардың диаметрі 4 - 10 м, биікт. 0,1 - 0,3 м. Қазылған бір обаның астынан адам сүйегі шыққан. Мәйітті батыстан шығысқа қарата жерлеген. Д-2 обалар тобында солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектелген 189 оба бар. Бәрі де тас аралас топырақтан үйілген. Олардың диаметрі 8-50 м, биіктігі 1 - 2,5 м. 1-3 ғасырларға жататын бұл обалардың үшеуі зерттелген. Обаның астындағы қабірден адам сүйегі шыққан. Мәйіт басы батыстан шығысқа қаратылып қойылған. Қабірден саз ыдыстар, қола сырғалар, темір жүзіктер, қойдың сүйектері табылған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}