Бақтығали Бейсенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бейсенов Бақтығали (1889 жыл, Орал облысы, Ілбішін уезі, Қызылжар болысы, 5-ауылы (қазіргі Ақжайық ауданы) - 25 ақпан, 1938 жыл, Орал қаласы) - - Батыс Алашорда қайраткері, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі.

Өмірбаяны

  • Болыстық орыс-қазақ мектебін бітірген.
  • қалалық Романов орыс-қазақ училищесін, осы училище жанындағы жоғары оқу орнына даярлайтын қосымша сыныпты бітірді (1901).
  • 1902-1910 жылдары Орал реалдық әскер училищесінде оқыды.
  • Училище оқушылары Ғ.Есенғұлов, И.Қашқынбаев, Ы.Шұғыловтармен бірге 1-орыс төңкерісі тұсында «Фикер» газеті маңына ұйысқан қазақ кадеттер партиясына ниеттес болғаны үшін жандарм бақылауына ілікті.
  • 1910 жылы тамызда Саратов университеті медицина факультетінің 1 -курсына қабылданды. Арнаулы талапқа сәйкес 1911 жылы Орынбор халық ағарту округінің сынақ алу комитетінде латын тілінен балалар гимназиясының 8-сыныбы көлемінде сынақ тапсырып, оқуын жалғастырды.
  • 1-дүниежүзілік соғысқа байланысты оқу курсының тоғыз семестрін мерзімінен бұрын аяқтады.
  • 1917 жылы Саратов университетінің [медицина факультетін бітірген.
  • Орал облыстык 13-Қызылкүлгін ауылдық-дәрігерлік учаскесінде дәрігер болып істеді.
  • Болыстық, уездік дәрежеде земство мекемелерін құру қызметіне қатысты.
  • Батыс Алашорда таратылғаннан кейін, 1920 жылдан бастап Бақтығали Бейсенов Орал облысындағы Калмыков уездік денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі кызметін атқарды.
  • 1924 жылы Жымпиты уезіндегі Байғұтты ауруханасының меңгерушісі. Одан кейінгі жылдары Жымпиты уездік ауруханасында дәрігер.
  • 1937 жылы тұтқындалып, 1938 жылы 25-ақпанда КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясы «үштігінің» қаулысымен Орал қаласында атылды. 1958 жылғы 14 маусымда Орал облыстық соты қаулысымен ақталды.

Өмірбаяны

  • Әкесі Бейсен сауатты, дәулетті адам болған.
  • Інілері - Орал реальдық әскер училищесінің түлегі Ишанғали Бейсенов Жымпитыдағы «Ойыл уәлаятының» кіші әскери қызметкерлер мектебін бітіріп, штаб офицері болды, ал Зепқали Бейсенов Ойыл юнкер мектебін бітіріп, Алаш полкінде жүзбасы қызметін атқарды.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub