Ойыл уәлаяты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Ойыл уәлаяты» Уақытша үкіметі - XX ғасыр басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттік-автономиялық құрылым.


Ол 1918 жылғы сәуір айының соңында Жымпитыда өткен 4-Орал облыстық қазақ сьезінің қарарымен құрылды. Ойыл уәлаятының кұрамына Ілбішін, Орал, Гурьев, Ақтөбе, Ырғыз уездерінің қазақтар мекендеген аудандары мен Маңғыстау, Ойыл және Бөкей уездері кірді.


Үкімет құрамына 7 адам: Жанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Дәулетше Күсепқалиев, Өлеңті болысының бұрынғы басқарушысы С.Датұлының шөбересі Салық Омаров, Саратов университетінің түлегі, экономист Қалдыбай Асанов, Бағдат университетінің түлегі, Қуанай хазіреттің баласы Ғабдол Қосдәулетов мүше болды.

1918 жылы 11 қыркүйекте Ә.Бөкейхан төрағалық еткен Ж.Досмұхамедұлы және Х.Досмұхамедұлы, А.Бірімжанов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, У.Танашев қатысқан Алашорда үкіметінің шұғыл мәжілісінде «Ойыл уәлаяты» үкіметі таратылды.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}