Бағыныңқы сөйлем

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бағыныңқы сөйлем - басыңкы сөйлемге грамматикалық тұрғыдан бағынып тұратын, сабақтас құрмаласқа енген, жай сөйлемнің тиянақсыз бөлігі. Бағыныңқы сөйлем басыңқылары тұтас ойды анықтап, толықтап, пысықтап тұрады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref> Бағыныңқы сөйлем мен басыңкы сөйлем арасындағы байланыс жалғаулықтар, жалғаулык сөздер, қатысты сөздер және интонациямен беріледі. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің компоненті қызметін атқарады, мысалы, Ешкім үндемеді, өйткені бұндағы кісілердің бәрі де қарт әйелдің дауысын білетін (М. Әуезов) - Бұндағы кісілердің бәрінің де қарт әйелдің дауысын білетіндіктен ешкім үндемеді. Басыңкы сөйлеммен байланысының сипатына қарай бағыныңқы сөйлем анықтауыштық түсіндірме, пысықтауыштық (мекен, мезгіл, себеп т.б.) түрлерге бөлінеді.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007.

ISBN 9965-08-235-9</ref>

Бағыныңқы сөйлемсабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз тұлға аякталған алғашқы компоненті. Ол езінен кейінгі тиянақты түрде аяқталған басынқы сөйлемді әр түрлі мағыналық ылғайда айкындау мақсатында жұмсалып, соған тәуелді болады. Бағынынқы сөйлем сабақтас құрмалас сөйлемде байланыстырғыш компонент кызметін атқарады. Бұл кызмет бағынынкы сөйлемнің көсемше, есімше, шартты рай тұлғалы тағы басқа етістіктерден жасалған баяндауышына жүктеледі. Бағыныңқы компонент сөйлем деп аталғанымен, онда қалыпты сөйлемге тән қасиеттердің бәрі бола бермейді. Дербес жай сөйлемдер формалық жағынан да, мағынасы жағынан да тәуелсіз, тиянакты бір бүтін болып айтылса, ал бағынынқы сөйлемде ондай тиянақтылық, дербестік жоқ, ол шын мәнісінде күрделі сөйлемнің бір бөлшегі болып табылады.<ref>Тіл білімі терминдерінін түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005. ISBN 9965-409-88-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бағыныңқы сөйлем|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}