Бағила Бірмағамбетқызы Баймағамбетова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Бағила Бірмағамбетқызы Баймағамбетова.JPG
Бағила Бірмағамбетқызы Баймағамбетова

Бағила Бірмағамбетқызы Баймағамбетова (10 ақпан, 1951 жыл, Торғай облысы, Қостанай ауданы, Амангелді кентінде туған) - мемлекет қайраткері, 2004 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші, 4-ші шақырылымының депутаты.

Білімі

Өмірбаяны

  • 1968 жылдан - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті.
  • 1972 жылдан - Қостанай облысы Жетіқара қаласының №7 ОМ француз тілінен мұғалімі.
  • 1975 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Жетіқара қалалық комитетінің хатшысы.
  • 1977 жылдың ақпанынан - Қазақстан ЛКЖО Қостанай облыстық комитетінің оқып жүрген студент жастар, пионерлер мен оқушылар бөлімінің нұсқаушысы
  • 1979 жылдың ақпанынан - меңгерушісі.
  • 1979 жылдан - Алматы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы.
  • 1981 жылдан - Қостанай облысы Қарасу ауданының Халық депутаттар кеңесі төрағасының орынбасары.
  • 1982 жылдан - Қостанай облысы Федоров ауданының Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің хатшысы.
  • 1983 жылдан - Қостанай облысы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
  • 1988 жылдан - Қазақстан Компартиясы Қостанай облыстық комитетінің хатшысы
  • 1990 жылдан - екінші хатшысы.
  • 1991 жылдан - Қостанай облыстық Халық депутаттар кеңесі төрағасының орынбасары, кеңесшісі.
  • 1992 жылдан - Қостанай облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары.
  • 1995 жылдан - Қостанай облыстық білім беру департаментінің бастығы.
  • 1998 жылдан - Қостанай облыстық әкімі аппаратының жетекшісі.
  • 2002 жылдан - Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
  • 2004 жылдан бері - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсінің 3-ші, 4-ші шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Отбасы

  • Анасы - Баймағамбетова Кінәзиә Оспанқызы, үй шаруасымен айналысады.

Марапаттары

  • Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1998).
  • «Құрмет» орденімен (2007);
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»(2005)
  • «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер