Бахтажар Мекішев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бахтажар Мекішев (12.4.1927 жылы туған, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы бұрынғы Семей облысы Абыралы ауданы Қайнар ауылы) - тарихшы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984).
Өмірбаяны
- Мәскеу мемлекеттік университетін (1949), ал осы университеттің аспирантурасын бітірген (1952).
- 1952 - 1954 ж. Мәскеу қалысындағы ХШЖК-нде экскурсия жүргізуші-аудармашы ретінде қызмет етті.
- 1957 - 1960 ж. Алматы қаласындағы Қазақ академиялық балалар және жасөспірімдер театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі
- 1960 - 1999 ж. ҚазҰУ-да "Жеті Муза" қоғамын ұйымдастырды.
Еңбектері
- "Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры"
- "Әлемнің жеті кереметі"
- "Өнер әлеміне саяхат" (1982)
- "Достық мектебі" (1989, Р.Тұрысбековпен бірге), т.б. кітаптарының авторы.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>