Жеті Муза
“Жеті Муза” – студенттерге эстетикалық тәрбие беруге бағытталған клуб. Қазақ мемлекеттік университетінде 1965 ж. құрылған. 1968 ж. қалалық халық университеті деген құрметті атақ берілді. Қоғамның “Жеті Муза” аталуы грек мифологиясына байланысты: Зевс құдайдың шебер, өнерге табынған қыздары (музалар) өнердің әр түріне қамқоршы болған (Клио — тарих, Талия — комедия, Терпсихора — би, Эрато — махаббат музасы, т.б.). “Жеті Муза” мәдениетті, әдебиетті, өнерді жастар арасында насихаттап, аттары әлемге аян театр, музыка, сахна саңлақтары, жазушылар, т.б. кездесу, концерт кештері, айтыс-пікірталастар, көрмелер, т.б. мәдени-эстетикалық шаралар ұйымдастырды. “Жеті Муза” қоғамы 1977 жылы Халықаралық студенттер одағының (Лондон) Құрмет дипломына ие болды. Ұжымның игілікті іс-тәжірибе жұмыстары Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург), Қарағанды, Алматы қалаларында қорғалған кейбір кандидаттық диссертацияларға негіз болды.
Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы