Батық Мәжитұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Батық Мәжитұлы (1951 жылы 12 ақпанда Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған) - ақын.
Өмірбаяны
- 1977 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін тамамдаған.
- Нарынқол, Шелек аудандық газеттерінде тілші
- «Ақиқат» журналында бөлім меңгерушісі
- «Егемен Қазақстан» газетінде меншікті тілші.
- Қазір «Мұқағали» журналында Бас редактор болып қызмет істейді.
Шығармалары
- 1983 жылы «Жазушы» баспасы шығарған «Рауан» атты ұжымдық жинаққа «Тау мінезі» деген атпен топтама өлеңдері енген.
- 1998 жылы «Қазақстан» баспасынан «Мына заман, қай заман» атты жыр кітабы жарық көрген.
Марапаттары
- 1995 жылы Қазақстан Жазушылар одағы Алматы бөлімшесі, облыстық мәдениет басқармасы тағайындаған «Тұлпар» сыйлығының иегері, «Мың бала» конкурсының бас жүлдегері.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>