Ақиқат журналы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Ақиқат" журналы - ұлттық- қоғамдық саяси журнал.


1922 жылы шыққан "Қызыл Қазақстан" газетінің ізбасары. Журнал қазақ жұмысшыларына Кеңес үкіметі мен коммунистік партия саясатын түсіндіруді мақсат тұтты.


Әр жылдары журналға А.Асылбеков, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов, О.Жандосов сияқты қазақ зиялылары жетекшілік етті. Заман талабына сай өзгеретін әлеуметтік-саяси жағдайларға бейімделіп, жаңа міндеттерді жүзеге асыруда өз үлесін қосты. Кеңес Одағы билік еткен жылдарда атауы "Ауыл коммунисі" (1932), "Коммунист" (1938), "Қазақстан болыневигі" (1945), "Қазақстан коммунисі" (1952) болып өзгеріп отырды. 1991 жылдан бері "Ақиқат" деген атпен белгілі.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Тарихы

1921 жылы 15 қыркүйекте «Қызыл Қазақстан» деген атаумен Орынборда 1-нөмірі шықты. 1925 жылы шілдеден бастап 1929 жылдың соңына дейін екі тілде «Қызыл Қазақстан» - «Красный Казахстан», 1930-31 жылдары Алматыда «Қазақстан большевигі» - «Большевик Казахстана», 1932-38 жылдары «Ауыл коммунисі», 1938-41 жылдары «Коммунист», 1952-57 жылы «Қазақстан коммунисі» - «Коммунист Казахстана», 1958-91 жылы «Қазақстан коммунисі» деген атаулармен жарық көрді. 1991 жылдан «Ақиқат» деп аталды.

Басылым мақалалары

Басылым беттерінде қоғам дамуының теориялық үрдістерімен қатар, жалпы адамзаттық құндылықтар, әдебиеттану мәселелері, соның ішінде Әуезовтыңтің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар да жарияланды. Мысалы, Әуезовтің «Қазақ әдебиетінің кейбір мәселелері жайында» мақаласы («Коммунист», 1951, № 3) басылса, 3. Ахметов пен Ы. Дуйсенбаевтың «Мұхтар Әуезовтің Абай туралы романдары» («Қазақстан коммунисі», 1956, №11), М. Фетисовтың «Қазақ әдебиетінің көрнекті шығармасы» («Қазақстан большевигі» - «Большевик Казахстана», 1946, №7) тағы басқа сыни-зерттеулері ұлы жазушының қаламгерлік шеберлігіне арналды. Ал Әуезовтің 100 жылдық мерейтойына әзірлік барысында арнайы жоспар жасалып, суреткердің өмірі мен шығармашылығы жөнінде жұртшылыққа беймәлім материалдар басылым көрді. Атап айтсақ: Ә. Әбішевтің «Бетпе-бет» (1996, № 10), Б. Ерзаковичтің «Мұхтардың Абай әндерін нотаға түсіруі» (1996, №11), Б. Құлжановтың «Естеліктер ешқашан ескірмейді» (1977, № 1), М. Әрхамқызының «Ұлы адамның ұлылығы» (1997, № 2), А. Асубаевтың «Қасірет қоршауындағы қаралы сұлу» (1997, №3), Н. Нұрғашқызының «Мұхаңның Абай тойындағы күндері» (1977,№3), Т. Әлімқұловтың «Өмірді сүйген суреткер» (1997, №4), Ә. Модцахановтың «Із салу» (1997, N95), Н. Мұхамедханұлының «Мұхаң «Манасты» қалай қорғап қалды?» (1997, №8) деген еңбектер жарияланды. 1951 жылы 14 маусымда Қазақстан Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты мен Жазушылар одағы бірігіп өткізген абайтану мәселесіне арналған мәжілісте Әуезов жасаған баяндаманың стенограммасы журналда жарық көрді. Журналдың 1997 жылғы 9-нөмірі тугелдей Әуезовке арналды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақиқат журналы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}