Батиаль шөгінділер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Pelagiczone ru.svg
Пелагикалық өзгеріс сызбасы

Батиаль шөгінділермұхит төсеніші мен мұхит (теңіз) қайраңдары аралығындағы тереңдіктерге (200 — 2500 м) тән шөгінділер. Ең жиі кездесетін түзілім түрлері — терригендік шөгінділер (алевритті және пелитті лайлар). Ал егер құрлық өңірінен келіп жететін терригенді материалдар аз болса, онда биогенді шөгінділердің үлес салмағы айтарлықтай артады. Олар жылы сулы аймақтарда карбонатты шөгінділер (фораминиферлі, маржанды карбонаттар), ал салқын сулы өңірлерде кремнийлі түзілімдер (кремнийлі-губкалы, диатомды шөгінділер) түрінде ұшырасады. Батиаль шөгінділердің түйіршіктері әдетте іріктелмеген, оларда су асты сырғымалары мен суспензиялық ағым белгілері жиі кездеседі. Батиаль шөгінділер құрамында органикалық көміртек мөлшері біршама мол болады. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Батиаль шөгінділер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}