Қайраң

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қайраң — әдетте, ағысқа қарсы бағытталған және ағыс бойынша тік құлама, жалпақ беткейлі болып келетін өзен арнасының жал түріндегі телімі немесе жазық жер өзендерінің таяз сулы бөлігі. Олар өзендердің бұрылыс аралықтарында, арналардың ұлғайған тұсында және оның салалары сағасына жақын жерде пайда болады. Топырағы борпылдақ шөгінділерден түзілген. Қайраң кеме қатынасына қолайсыз. Арнаны су ағыны мен тасынды шөгінділері біркелкі шаймауынан пайда болады. Жайылманың ұлғайған тұсы мен құйылыстардың сағаларында жиі кездеседі.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub