Басы қаралы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Басы қаралы - жесір әйел, қазақ әйелдері жоқтау айтқан кезде басым қаралы, бетім жаралы дейді. Бұл сонау ғұндар, көне түркілер заманынан жалғасып келе жатқан салт. Мысалы, қытай деректерінде ғұндардың дәстүрі бойынша Тәңірқұттың алдына бетін тіліп кіретіндігі, тіпті басқа елдің елшілері де бұл дәстүрге мойынсұнбаса, Тәңіркұтқа жолықтырылмайтындығы, бетін тілу жақсы көру, құрметтеудің белгісі екендігі туралы, сол сияқты түріктерде қайтыс болған адамның туыс-туғандары, жақындары түгелдей мәйіт қойылған үйдің қасына жиналып, ас беретіндігі, онан соң мәйіт қойылған киіз үйді жеті рет айналатындығы, айналып есік алдына келген сайын пышақпен беттерін тіліп, қанды жастарын ағыза дауыс салып жылайтындығы жайлы айтылады. Осыған қарап бетін тілу, бетін жырту сонау ғұндар мен көне түркілерден бастау алған, жақсы көру, адалдығын білдіру үшін істелетін дәстүр болғанын болжауға болады. Бетін жырту салтының қазақ арасында бар екені туралы бертінгі зерттеушілер (Н.И. Гродеков, А.И. Левшин, Ы.Алтынсарин т.б.) еңбектерінде де айтылған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Басы қаралы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}