Жесір

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жесіркүйеуі қайтыс болған, ерсіз әйел. Жесірдің екі түрі бар. Оның бірі — тұрмысқа шыққаннан кейін ері өліп, күйеусіз қалған әйел. Екіншісі — құда түсіп, атастырып үкі таққаннан кейін, болашақ күйеуі өліп, өз үйінде оң жақта отырғанда жесір қалған адам. Қазақ халқының дәстүрлі қоғамындағы жесір дауының көпшілігі осы оң жақта отырып, жесір қалғандардың өз қалауымен басқа жігітке тұрмысқа шығып кетуінен туындаған. Бала-шағалы болып жесір қалған әйел сол әулеттің не рудың жесірі болып саналған. Күйеуінің туған-туыстары жесір әйелге және оның балаларына әрқашан қамқорлық жасап отырған. Немесе жесір қалған әйел өз қалауы бойынша қайтыс болған күйеуінің жақын бауырларының біріне әмеңгерлік жолмен тұрмысқа шыққан. Жесір әйел рұқсатсыз басқа бір ауылға көшіп кетпеген немесе басқа жаққа тұрмысқа шықпаған. Оның балалары өз туыстарынан бөлінбей өскен.

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жесір|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}