Бармақ Мұхаммедқалиұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бармақ Мұхаммедқалиұлы (1703, Солтүстік Қазақстан облысы Целинный ауданы — өлген жылы белгісіз, Орынбор облысы Ақбұлақ ауданы) — батыр, қолбасы.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Руы — Уақ. Бармақ 1723 — 1758 жылы Еділ-Жайыққа батыстан шабуылдаған қалмақ шапқыншылығына, Маңғыстауды басып алған түрікпендерге, шығыстан баса-көктеп қазақ жеріне ішкерілей енген жоңғар басқыншыларына қарсы күрестерде Кіші жүз жасағына Балта, Бөгенбай батырлармен бірге қолбасылық еткен. Әбілқайыр ханның Ресей империясының қол астына өту туралы шешіміне наразылық танытқан. Бармақтың ерліктерін кезінде қазақ ақын-жыраулары жырға қосқан. Бізге жеткен “Бармақ батыр” қиссасының алғашқы нұсқасын Дәстем Қарабасұлы жырлаған. Бармақ батырдың ұрпақтары Ресейдің Орынбор облысы Ақбұлақ ауданында, Ақтөбе қаласы мен облысында өмір сүріп жатыр.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}