Дәстем Қарабасұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәстем Қарабасұлы (1677, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Гүлтөбе қонысы - 1752, Ресей, Қорған облысы Петухово ауданы Өзентал қыстауы) - ақын, күйші, Толыбай сыншының немересі, Қарабас батырдың үшінші ұлы. Ауыл молдасынан сауат ашқан. Дәстем өлең-жыр шығарып, ән салу, сыбызғы, домбыра тарту өнерін медреседе жүргенде тастамай, жетілдіре берген. Ел арасында сыбызғымен күй тартып, домбырамен ән шырқап, өлең-жырлар шығарып, сал-серілік құрғандықтан, ақын Дәстем , әнші Дәстем , сал Дәстем , сері Дәстем , жыршы Дәстем атанады. Дәстем 17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың 1-жартысындағы қазақ-қалмақ соғысына қатысқан. "Хан - сұлтандар", "Бозқозыұлы Бөкенбай", "Дәстемнама" тарихи дастандар, "Гүлжаһан", "Майдан", "Ақбоз ат" деген әндер, "Шайқас", "Жекпе-жек", "Ақиық", "Шыжым", т.б. күйлер шығарған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}