Бандаж

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Айрық

Бандаж (франц. bandage — белбеу, таңғыш) —

  1. медицинада — ішкі органдарды демеп тұратын арнайы белбеу. Ол пайдалануына байланысты — профилактикалық бандаж (босанғанға дейінгі, босанғаннан кейінгі), емдік бандаж және жарық бандажы деген түрлерге ажыратылады. Босанғанға дейінгі бандаж — бүйірінен түймеленетін, кеңдеу етіп қатты матадан тігілген белдік. Ол әйелдің құрсақ еті созылған жағдайда және ұрықтың жатырда қалыпты орналасуын сақтау үшін қолданылады. Босанғаннан кейінгі бандажды босанған әйелдің құрсақ бұлшық еттері қатты созылып, құрсақ шандыры төмен түскен жағдайда киеді. Бұны 3 айға дейін ғана киюге болады. Сондай-ақ, асқазан, ішек-қарын, бүйрек, жатыр, т.б. орнынан ауытқыған жағдайда емдік бандажын, көк етте, шапта, т.б. жарық пайда болғанда, осы органдардың еті созылмау үшін жарық бандажын пайдаланады;
  2. техникада — машиналар мен құралымдар бөлшектерінің беріктігін ұлғайтып, тозудан сақтау үшін оларға кигізілетін металл сақина не белбеу. Темір жол вагондары мен локомотив, трамвай дөңгелектеріне қолданылатын бандаж мәнерленген сақина түрінде көміртекті болаттан прокаттау әдісімен жасалып, дөңгелекке ыстық күйінде кигізіледі. Үйкеліс салдарынан жұқара бастаған бандаж жаңартылып отырылады.

<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бандаж|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}