Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты – ғылыми мекеме.


1959 ж. Қ.И.Сәтбаевтың басшылығымен Қазақстанда балық ш-н дамыту мақсатында құрылған. Алғашқы кезде Атырау облысының Балықшы кентінде орналасты.


1963 ж. Балқаш қаласына, 1987 ж. Алматы қаласына көшірілді. Атырауда, Аралда, Балқашта, Өскеменде (Аблакетка кентінде) ин-ттың бөлімшелері ұйымдастырылды. Бастапқыда 19591997 ж. ин-т 179 жобаны іске асырды, 300-дей биол. негіздемелер жасады.

Бірінші кезең

Бастапқыда (1959 – 1964) негізінен Жайық өңірінде, Солтүстік Каспийде, Арал теңізінде, Алакөл, Балқаш көлдерінде, Бұқтырмада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Eкінші кезең

Зерттеу жұмыстарының екінші кезеңі (1965 – 1970) бірнеше облыстың (Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай) шағын көлдерін қамтыды. Республикада тоған және көл шаруашылықтарын ұйымдастыру биологиялық және экономикалық жағынан негізделе бастады.

Үшінші кезең

Зерттеу жұмыстарының үшінші кезеңінде (1970 – 1990) балық өнімділігін көтеруге байланысты жұмыстар қолға алынды. Тоғандарға балықтың жаңа түрлері жерсіндірілді. Тұқы және шөппен қоректенетін балық тұқымдарын зауыттық әдіспен өсіру жүзеге асырылды. Гидрологиясы мен гидрохимиясы өзгерген жағдайда су айдындарына жаңа балық тұқымдарын жіберу негізделді. Арал теңізіне тұзды суға төзімді камбала балығы жерсіндірілді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}