Оперетта
Мазмұны
Түрлері
- пародиялық
- пародиялық-сатиралық
- лирикалық-романтикалық
- қаһармандық-романтикалық
Дамуы
Сондай-ақ Оперетта тарихында: париждік (19 ғ.), веналық (19 ғ.), неовеналық (20 ғ.) Оперетталар деген түсінік бар. 19 ғасырдың ортасына дейін шағын опера Оперетта деп аталып келді. Оперетта жанр ретінде 1850 жылы Францияда қалыптасты. Классикалық Опереттаның негізін салушы Ж.Оффенбах жанрдың идеялық-көркемдік диапазонын кеңейтті. Кейін 1860 – 80 жылы Австрияда, Англияда және Америкада дами бастайды. Оперетта алғашында пародиялық жанр негізінде дамып, кейін әлеуметтік-сатиралық бағытта өріс алды. Вена классикалық Опереттаның “би” стилі И.Штраус (баласы) шығармасында жан-жақты дамыды. Сондай-ақ Ф.Эрве, Ф.Легар, И.Кальман, Ш.Лекон, Э.Одран, Ф.Зуппе, И.О. Дунаевский, Н.М. Стрельников, В.П. Соловьев-Седой, Ю.С. Милютин, А.Г. Новиков, т.б. тұлғалар Опереттаны дамытуда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. 20 ғасырдың 20-жылдары АҚШ-та Оперетта жанрының жаңа түрі – мюзикл пайда болды. Оның тарихы Дж. Гершвин, И.Берлин, Р.Роджерстің шығармаларынан басталады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>