Балдыз қалың
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Балдыз қалың — қалыңмалы төленгеннен соң қалыңдық қайтыс болған жағдайда қазақ дәстүрі бойынша қалыңдықтың сіңлісін (балдызын) алу кезінде төленетін қосымша қалыңмал. Алайда, бұл ақы күйеу қайтыс болған қалыңдығына ұрын барған болса ғана төленеді. Егер бұрынғы қалыңдығына ұрын келмеген болса балдыз қалың төленбейді. Балдыз қалың - күйеудің балдызын алу үшін бұрынғы қалыңмал үстіне түйе бастаған тоғыздан тағы да қалыңмал төлеуінің атауы.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>