Балбырауын (би)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Балбырауынсахналық би. Құрманғазының "Балбырауын" күйінің ырғағына 2/4 өлшемде қойылған.

"Балбырауынды" халықтық және классик, би қозғалыстарында Шара Жиенқұлованың қатысуымен А. А. Александров (1937) Брусиловскийдің "Ер Тарғын" операсында көпшіліктің орындауына арнай сахнаға шығарды. Кейін Жиенқұлова 12 жұпқа арнап композиция құрды. 1959 ж. балетмейстер Д. Әбіров екі адамға арнай, "Балбырауынды" жаңадан қойды. Оны Қ. Қарабалина мен А. Асылмұратов биледі. 1966 ж. Ш. Жиенқұловамен бірігіп екі актілі "Қыз Жібек" балетін қойған балетмейстер Болат Ғазизұлы Аюханов "Балбырауын" биіне жаңа көрініс берді (орындаушылары Нелли Пак, А. Семьянов, Б. Ешмұхамбетов). Қазір "Балбырауын" эстрадалық ұжымдар мен көркемөнерпаздар репертуарынан орын алған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}