Байсеркина Фарида Дуғалықызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Байсеркина Фарида Дуғалықызы.jpg
Байсеркина Фарида Дуғалықызы


Байсеркина Фарида Дуғалықызы 1964 жылғы 17 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауылында қызметкер отбасында дүниеге келген.

Еңбекжолы

Фарида Дуғалықызы 1981 жылы орта мектепті үздік бітіріп, Семей қаласындағы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне оқуға түседі. Институтты бітіріп, педиатр-дәрігер мамандығына ие болып, 1987 жылы Талдықорған қаласына еңбек жолын бастауға жолдама алады. Ол интернатураны аяқтағаннан кейін, Алматы облысының Крупская участкелік ауруханасына жіберіледі. Осы учаскелік ауруханада шығармашылық ізденісте еңбек етіп, ешбір қаймықпай, қажырлы қайрат танытып, мол іс-тәжірибе жинақтады. 1991 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру курсында реаниматолог-дәрігер мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өтіп, Алматы қаласындағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында реанимация бөлімшесінің дәрігері болып жұмыс істеді. 1998-2001 жылға дейін Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының күндізгі аспирантурасын оқып білімін жетілдірді. 2001-2006 жылдар аралығында «Резлов ЛТД» ЖШС – коммерциялық директор болып қызмет атқарды. 2006-2007 жылдары Ақмола медакадемиясында – балалар ауруы кафедрасының ассистенті болып, Рысқұлов атындағы қазақ экономика университеті JICA-мен бірлесе – «Маркетинг стратегиясы және компания дамуы» курсында оқыды.

2007 жылы «Республикалық балаларды оңалту орталығы» РМК-да қоғамдық-ақпарат бөлімінің бастығы болып, кейін ол «Республикалық балаларды оңалту орталығы» акционерлік қоғам болған кезде, оның стратегиялық жоспарлау директорлығына тағайындалады. Кейініректе Бас директордың орынбасарына дейін көтерілді. 2008 жылы «Денсаулық сақтау басқармасының қазіргі проблемалары» тақырыбында қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау мамандығы бойынша денсаулық сақтау жоғары мектебінен өтті.

2009 жылы Астана медицина университетінде – «Аккредитация элементтерімен медицина қызметі сапасының ішкі аудитін ұйымдастырудың таңдамалы мәселелері» атты тақырыптық жетілдіруден, сол жылы «ҰМХ» АҚ – JCI сапасының халықаралық стандарты бойынша білім беру бағдарламасынан өтті. Мәскеу қаласындағы Бакулев атындағы НЦССХ-та «Денсаулық сақтау және қоғамдық денсаулықты ұйымдастырудың өзекті мәселелері» бойынша біліктілігін арттырып, «Денсаулық және денсаулық сақтау», Медициналық көмектің сапасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Экономика және қаржыландыру» мамандығының сертификатын алды. Ол 2011 жылдан 2013 жылға дейін «Әкімшілік ісінің докторы» халықаралық бағдарламасының тыңдаушысы болып саналады, 2011 жылы әулие Георг госпиталының базасында Лондон университетінің жанындағы HeaIthcare Management Course – London, 2 апталық оқыту курстарында да оқыды. Нейрореабилитологтардың Женевадағы, Швейцариядағы «Медицинадағы роботталған технология» халықаралық конгресстеріне қатысты. Қазіргі уақытта Басқарма төрайымының орынбасары болып қызмет атқарады.

Марапаттары

Денсаулықтарында ақаулары бар балаларды оңалтуда да өз тәжірибесін кеңінен пайдаланып келе жатқан үздік маман. 2009 жылы Астана қаласының Есіл ауданы әкімінің мақтау қағазымен, 2011 жылы «Денсаулық сақтау үздігі» медалімен марапатталды.

Дереккөздер

<references/>

1. ↑http://www.velchel.ru/