Байелі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Байелі – Арал қарақұмының оңт-нде Қызылорда облысы Қазалы ауданында орналасқан құдық. Тереңд. 10 м, су шығымы 300 л/сағ. Құдықтың солт.-батысы ірілі-ұсақты төбешіктер, оңт. мен шығыс бөлігі тегіс жазық келген. Құмды, сортаң қоңыр топырағында жүзгін, жусан, баялыш, күйреуік, сексеуіл, т.б. өседі.