Байбақты Қармысұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Байбақты Қармысұлы (1823 — 1914) — батыр, әулие адам болған. Жем өзенінің төменгі сағасы Айранкөл, Шатпакөл деген жерлерді жайлаған. Байбақты Бесқала, Қоңырат жаққа өткен кезінде Хиуа ханының жасағына алынып, қызылбастарға қарсы жорықтарға қатысқан. Бір ұрыста aдайдың Сүгір деген батырын жау қоршауынан алып шыққан. Осы ерлігі үшін Хиуа ханы оған бес қару мен ақалтеке тұқымды арғымақ сыйлаған. Байбақты 1853 — 1860 жылдары Маңғыстау, Үстірт, Жем, Елек бойы қазақтарының патшалық Ресейге қарсы көтерілісінде ерекше белсенділік көрсеткен. Өмірінің соңғы кезеңінде молдалық (сопылық) жолға түсіп, тақуалықпен өткізген. Доссордан солтүстікке қарай он шақырым жердегі Тасқұдықта жерленген.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref> Байбақты қорымындағы зиратына адамдар түнеп, әулиеге тағзым етеді. Басына ескерткіш кесене салынған.<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Байбақты Қармысұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}