Базыгүрлі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Базыгүрлі – Кендірліқиясай үстіртінің солт.-шығыс бөлігіндегі құдық. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында. Тереңд. 18 м, су шығымы 100 л/сағ. Құдықтың оңт.-батысында өзімен аттас ойыс бар. Солт.-шығысында Сұлутөрткөл тауы орналасқан. Тақыр және қоңыр сұр топырағында сұр жусан, баялыш, күйреуік, эфемерлі өсімдіктер өседі.