Багам аралдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:LocationBahamas.svg
Багам аралдары

Багам аралдары достастығы — Атлант мұхитындағы Флорида түбегінің Оңтүстік-шығыс жағалауынан Кубаның шығыс жағалауына дейінгі аумақта жатқан 700-ден астам аралдарды қамтитын мемлекет.


Жерінің аумағы 13,9 мың км². Халқы 276 мың (1995), 85%-і зәңгілер мен мулаттар, 15%-і ақ нәсілділер. Астанасы — Нассо қаласының мемлекеттік тілі — ағылшын тілі. Негізгі діні — протестанттық. Британия достастығына енеді. Багам аралдарының билеушісі Ұлыбритания королевасы болып есептеледі де, елді оның өкілі — генерал-губернатор басқарады. Үкімет басшысы — премьер-министр. Заң шығару билігін сенат пен өкілдер палатасынан тұратын парламент жүргізеді. Ең ірі аралдары: Андрос, Үлкен Абако, Үлкен Багам. Жер бедері жазық. Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 60 м. Климаты тропиктік, пассаттық. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 1100 — 1600 мм. Қыс айларының орташа температурасы 19ӘС, жаздағы орташа температура 31оС. Шілдеден қазан айына дейін дауылдар болып тұрады. Топырағы қызыл қоңыр және қызғылт сары. Аралдардың басым көпшілігін тропиктік ормандар алып жатыр.

Сурет:Coat of arms of the Bahamas.svg
Багам аралының елтаңбасы

Тарихы

Багам аралдарын 1492 жылы Колумб ашқан. Аралдарда 17 ғасырдың70-жылдарында ағылшын қоныстары пайда бола бастады. 1783 жылдан бастап Англияның отарына айналды. 2-дүниежүзүлік соғыс жылдарында АҚШ Багам аралдарында бірқатар соғыс базаларын орнатты. Багам аралдары 1973 жылы 10 шілдеден бастап дербес мемлекет болып есептеледі. Багам аралдары БҰҰ-на, Американ мемлекеттері ұйымына мүше болып табылады.

Сурет:Flag of the Bahamas.svg
Багам аралдарының туы

Экономикасы

Экономикасының негізін туризм (60%-і), қаржы операциялары және сауда құрайды. Мұнай өңдеу, цемент, дәрі-дәрмек өндіру салалары бар. Ананас, цитрус, кокос пальмасы, қант құрағы өсіріледі. Теңізден лангуст, устрица, теңіз тасбақасы ауланады. 80%-ке жуық тауарлар шеттен келеді. Негізгі сауда серіктестері — АҚШ, Жапония. Багам аралдары дүние жүзіне әйгілі демалыс орны болып табылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер