Аң өсіру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аң өсіру – құнды терісі, шипалы мүйізі үшін аңды көбейту; мал шарушылығының бір саласы. Құнды аң терісін дайындап, өткізуде республикамыз бұрынғы Одақ көлемінде 2-орынды иемденген. Аң өсірудің үш түрі бар: 1) торда өсіру. Мұнда әр аң жеке не үйірімен торда ұсталады; 2) еркіне жіберіп өсіру. Мұнда аң еркімен жүреді, бірақ телім қоршаулы болады; 3) азды-көпті еркімен жіберіп өсіру. Мұнда аңның ересегі торда ұсталады да, күшігі қоршалған телімге жіберіліп, үнемі қосымша жем беріледі. Еркіне жіберіп өсірілген аңның терісі сапалы болады. Аңды дұрыс қоректендірудің айрықша маңызы бар. Азықта А т.б. витаминдер (құрғақ ірімшік, балық қалдықтары, итбалық еті, т.б.) мол болуға тиіс. Аң шаруашылықтары мен қожалықтарында жыл маусымына қарай әр түрлі жұмыстар жүргізіледі: аңды шағылыстыру, буаз кезінде күту, күшігін өсіру, бонитировкалау, сою, т.б. Терісі құнды қара және көк түлкі, полярлық ақ түлкі, қара күзен, бұлғын, қама, т.б. көбінесе көктемде немесе жазғытұрым күшіктейді. Қазақстанда марал, теңбіл бұғы, қара түлкі өсіретін шаруашылықтар да бар. <ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы, I том</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аң өсіру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}