Аң олжасын өндеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аң олжасын өндеу. Ауланған аңның денесі әбден суыған соң, терісін сойып алады. Себебі, әбден суыған кезде аңның денесіндегі бүрге, кене, бит сияқты арамза жәндіктер түсіп қалады. Қоңыр аңдарды атып алғаннам кейін, ерекше үлкенінің терісін немесе үлкен мүйізін аңшы өзіне қалдырады. Себебі, олар аңшының алғыр екендігінін дәлелі ғана емес - сұқтанған адамның тілі мен көзінен сақтайды-мыс.

Қазақ аңшылары ұстаған аң терілерін түрмыстық тұтыну қажетіне қарай, көбінесе, теріні бітеу сою, жарып сою сияқты екі түрлі тәсілмен сояды. Қасқыр, түлкі, қарсақ, құндыз, бұлғын, сусар қатарлы аң терілері бітеу сойылады. Бітеу сою - аңның құйрық түбінің ішкі жағынан пышақ салып, артқы екі санының жүқа шабы аралығына дейін тұзу тіледі. Терінің түбін ашып алады да, басына қарай тұтас сыпырып отырып, сирақтарып да тері ішінен бітеулей суырып алады. Пұшпақтарына бақайшық табанының мүйізгектерін қалдырып, онан соқ құлақ терісін, иегін, кара тұмсығын, құйрығына дейін теріде қалдырып, түлыптап сояды. Тұлыптап және бітеу сою өңдеуге, илеуге қолайлы, әрі осындай жолмен алынған тері иі жаққанда жүнжіп бұзылмайды деп есептейді. Аң терілерін бітеудей мес қылып сою үшін, артқы шатын өткір пышақпен тіліп, теріні басына қарай айналдыра бас терісімен бірге сыпырады. Мұндайда, пышақ тигізбей, саусақпен, жұдырықпен іреп сыпырған дұрыс.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аң олжасын өндеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}