Бүрге

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүрге(Aphanіptera)<ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref> –буынаяқтылар типіне жататын, масылдық тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Олардың дүние жүзінде 2500 түрі, ал Қазақстанда 400-дей түрі бар. Бүргелер бор кезеңінен белгілі. Бүргенің түсі сары аладан қоңыр-қызғылт түстерге құбылып тұрады. Денесі екі бүйірінен қысыңқы, бас, көкірек және қарын бөлімдерінен тұрады. Басында екі көзі (кейбір түрлерінде көру органы мүлдем жоқ), соруға бейімделген аузы болады. Бас-көкірек бөлімінде 3 жұп аяқтары бар, артқы жұп аяғы секіруге бейімделген. Қарын бөлімі 7 — 8 сақинадан тұрады. Бүрге жұмыртқа салып көбейеді. Аналығы 3000-ға дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқадан ақ құрт тәрізді дернәсілдер пайда болады, оның сыртында сирек ұзын түгі немесе қылшығы бар. Дернәсілдері топырақтағы органик. қалдықтармен қоректенеді. Б-лер 3 жылдай тіршілік етеді. Қазақстанда ең зиянды адам Бүргесі (Pulex іrrіtans) адамның және жылқының, мысықтың, т.б. жануарлардың қанын сорады, сондай-ақ, алақұрт Бүргесі (Vermіpsylla alacurt) оба қоздырғышын ауру адамнан сау адамға, ауру малдан сау малға таратады. Тұрғын үйлердегі Бүргені құрту үшін инсектицидтер қолданады және тұрғын үй, қора-жай таза ұсталуы тиіс.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүрге|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}