Аң олжасын байлау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аң олжасын байлау - қазақы ортадағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің моральдық-әтикалық нормалар мен принциптерге негізделген ілкімді ұстанымдардың бірі. Аңшы аңшылықтан немесе саяттан оралып келе жатқанда, алдынан сыйлы болмаса үлкен адам, тіпті, богде адам шыға қалса, аңшы олжасын сыйға тартады. Бұл «алаштың бөлінбеген еншісінен» туындайды. Аң олжасын байлау жосыны еш бүкпесіз риясыз ниетпен атқарылады. Сондықтан да, қазақта «аңшы байымайды, бай аңшыны көргеніміз жоқ» дейді. Тазымен аң ілгенін көрсе, бейсауат жолыққан адам (кейде аңға шығып бара жатқанда) «майлансын» дейді, аңшы «байлансын» деп олжасынан байлайды.

Аң олжасын бөлісудің өзіндік қағидасы болды: атып алынған аң қалыптасқан жосынға орай, аңшының қасындағы жолдастарының ең үлкеніне байланады; құндыз атып алса, жүн-терісін мергеннің өзі иеленеді де, бауыр терісі жолдастарына бұйырады. Алайда, аң аулауға алғаш рет шыққан мерген немесе жаңа мылтық сатып алған, болмаса жаңадан бапталған құс пен жаңадан үйретілген тазымен шыққан аңшылар олжаларының бауашарын біреуге байламастан, ырым қылып өзі алады. Қоңыр аң олжасын бөлгенде, мергеннің езі терісін, төсін және оң санын алады. Қалғандарын аңшының жолдастарына байлайды, бірақ, олардың жасы үлкені олжаның көбірегін алады. Мұндай бөлісті «мүше алмақ» дейді. Аңшылар өлтірген аңдарын оң қолымен алып, қанымен мылтықтың дүмін сүртіп, қайырған кұсына итіне атқан аңның етінен дәм таттырады. Аңшы үйіне қайтып, үйіне кірерде аңды босағаға ырымдап тастайды. Содан кейін оны керегенің басына іліп қояды. Қақпанға түскен аңды алып, қақпанының жанына «өтеуін қалдырып кететін» болған. Олжаны иесіне немесе артынан қуып келген қуғыншыға байлау, яғни оны қайтарғаны қазақы түсінік бойынша, ішкен асты кұсқанмен бірдей. Мұндайда, «Ұры мен барымташы жортуылға алам деп шыгады. Ала білген адам, оны сіңіре де білу керек, былғағаннан басқа келтірер пайдасы жоқ», - делінеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аң олжасын байлау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}