Қақпан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қақпан.jpg
6-түлкі қақпан, 7 қасқыр қақпан

Қақпан – аңшылық құралы. Темірден жасалады. Бала Қ. қарсақ, түлкі, суыр, т.б. ұсақ аңдарды ұстауға, ал қазақ Қ. мен тісті Қ. қасқыр, аю, сілеусін, қабылан аулау үшін құрылады.

Сөз морфологиясы

Аң аулауға қолданылатын темірден жасалған, шаппалы құралды қазақ тілінде осылай атайды. «Жолда бұларға қақпан байланған екі адам кездесті («Лен. жас»). Сөз төркінін түркі тілінің өздерінен табамыз. Якут тілінде «хап» (Э. Пек., СЯЯ, 1959, III, 3318), туба-кижи тілінде де дәл осы тұлғалы сөз (А. Бас., ДЧТ, 1966, 125) «ұстап алу», «шап беріп ұстау» мағыналарында айтылады. Құралдың осындай іс-әрекетіне байланысты -қан жұрнағын қосып «қагіқан» атауын берген. Біздің тілімізде оның «қақпан» тұлғасында керінуін тілдегі метатеза (дыбыстардың орын ауыстыруы: (қолқап — қолбақ) құбылысынан деп қараған жөн.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref> Халқымыз бағы замандардан бері қақпан құрып, тор жайып, түз тағыларын ұстап азық ететін, қолға үйрететін болған. Қақпанның пайда болуы сонау темір құралдар дәуірінен басталғаны шындық. Ол кезде мылтық сияқты қарулар болмағандықтан, қақпан арқылы аң аулаған. Қақпан асыл болаттан соғылып жасалатын аң аулау құралы. Қақпанның астыңғы дөңгелек шеңберін төсегі, шабатын екі жарты шеңберін қанды ауыз, екі жағындағы иіліп келетін серпу күшіне ие екі асыл темірді серпер дейді. Ағаштан жасалған тиектейтін тиегі болады. Қақпанды шынжыр арқылы жерге, ағаш тамырларына бекітеді. Қақпан мен шынжырдың қосылған жеріне айналсоқ орнатылады, қақпанның астына топырақ түсірмей тосып тұратын құрым киізді жапқы деп атайды. Ққақпан сөзі «қақ-пан» тіркесінен қалыптасып, бірте-бірте кірігіп қақпан болып аталып кеткен. Қазақ қақпандары аю қақпан, бұғы қақпан, қасқыр қақпан, теке қақпан, елік қақпан, суыр, борсық, сусар қақпан, қоян қақпан, қарға қақпан сияқты көп түрге бөлінеді. Аю, бұғы сияқтыларға құрылатын қақпанның қанды ауызы ара жүзды қос серперлі болса, елік, теке, борсық сияқтыларға құрылатын қақпан қос серперлі, бірақ қанды ауызы ара жүзды болмайды. Ал, қарға, қояндарға құрылатын қақпан бір серперлі болып келеді. Қырғауыл, елік, қоян қатарлылардың аяғын жараламай алу үшін кейде қақпанның қанды ауызына киіз орап құратын да жағдай кездеседі.

қақпан құру шынжырлы құру және жер тиекті құру деп екі түрге бөлінеді. Ұзын шынжырмен қақпанды жерге қазық арқылы немесе ағаш тамырларына бекіту арқылы құру шынжырлы құру деп аталады. Ал, қақпанның астын 50-70 сантиметр қазу арқылы қысқа шынжырмен жер астына көлденең ағаш байлап құру жер итиек етіп құру деп аталады. Бұлай болғанда киік жараланбайды және өлмейді. Кейде елікке тоқпақты қақпан да құрылады. Бұл _ қақпанға белгілі салмақтағы тоқпақты байлап қана қоятын әдыс. Мұнда елік тоқпақты сүйретіп, жақын аралықта жүре береді. Аштан арам өліп қалмайды, ұзаққа кете алмайды., кейде тоқпақ ағашқа ілініп те қалады. Бұл әдыс _ қақпанды он шақты күнде бір рет көретіндердің құру әдысы. Әдетте қақпанды құрғаннан кейін 3-5 күнде бір рет аралап көріп тұрады. Аптасына бір, он күнде бір көретін кездер де болады.

Қақпанды киік жолдарының аттама жеріне, секіріп түсетін жеріне, жалғыз аяқ жолдарына немесе жар (тұз) жалайтын жерлеріне құрады. Кейде жарларға тұз апарып шашып кетіп кетіп кетіп, киікті баурайтын жағдайларда болады. Қасқырға қақпан құрғанда, көбінесе, саруына құрады. Кейде бір қыста қақпанмен бес қасқыр алған айтулы аңшы шұжихан ақсақал қасқыр жортатын қыр жалдарға ши апарып орнатып, құмырсқаның илеулеріне қурған бәлшектерді жаншып, жасанды сару жасау арқылы қасқыр алған тәжірибелерін 1986-жылдың қысында әңгімелеп берген еді. Ол кісі әуелі қасқырдың апанынан бес бөлтірігін әкеліп, ағаш тошалаға бағып, күз болғанда құлыпыртып соғып алғанын айтқан. Бұдан басқа, қасқырды баурау үшін жартастарға борсықтың майын жағып, соның жағалауына қақпан құратын әдыс болған.

қазақ халқы ұлы табиғатты жанындай аялаумен бірге, ұлы табиғаттың төл тумаларын лайықты пайдалана білген. Оларды аулау үшін қақпаннан, тордан пайдаланған, ұра қазып та ұстаған. Кейбіреуінің етін азық етсе, кейбіреуінің терісін керекке жаратқан. Аю төсеніш, ілбіс ішік, сусар ішік, құндыз бөрік, түлкі тұмақтар қақпаншылықтың нәтижесі екені анық. Міне, қазақ қақпаншылығы өзіндік форма, өзіндік әдыс-амалдармен жүрілетін мұрамыз болып табылады. Атамыз қазақ сонау ертеде, осы қақпан арқылы түз тағыларын қолға үйретіп, төрт түлік мал етіп өсірген де болатын. Қақпан арқылы өздерінің өзектерін жалғап, тірлігі үшін азық, киім етіп пайдаланған да болар.

Дереккөздер

<references/>