Ақінген газ-мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Atirau obl.svg
Атырау облысы

Ақінген газ-мұнай кен орны - Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде. Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Барлау жұмыстары 1979 жылы басталып, 1980 жылы ашылған. Барлап-бұрғылау жұмыстары 1983 жылы аяқталды.

Геологиялық құрылымы

Кен қос қанатты, тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Төменгі бор жыныстарын өнімді бес қабат құрайды: екі альб қабаты мұнайлы, апт-неоком және неоком қабаттары газды және неоком қабаты мұнайлы-газды. Өнімді қабаттардың орналасу тереңдіктері: альбтікі 660 – 682 м, апт-неокомдікі 927 м, неокомдікі 1028 – 1111 м.

Жатыс сипаты, құрамы

Жатындар қойнауқаттық-күмбездік және қойнауқаттық, литологиялық тұрғыдан қалқаланған. Альб мұнай жатындарының биіктігі 10-16 м, неоком газ горизонтының мұнайлы бөлігінің қалыңдығы 6 м. Газ жатындарының биіктігі 11-22 м. Су-мұнай жапсары -679-877 м белгілерде, газ-су жапсары -947-1090 м белгілерде. Өнімді қатқабаттың қимасы терригендік таужыныстардан құралған, жинауыштары кеуекті. Мұнайға қаныққан қалыңдық 3,2-4,9 м, газға қаныққаны 3,3-8,9 м. 15,8 мм-лік штуцердегі бастапқы шығымдар (өнімдер): мұнайдыкі 27-51 м3/тәу, газдыкі 452,8-716,9 мың м3/ тәу. Газдылығы 7,7-119,9 м33. Бастапқы қойнауқаттық қысымы 6,2-12,8 МПа, температурасы 34-74°С. Мұнай жатындарының режимі серпінді суарынды, газ жатындарының режимі серпінді газ-суарынды. Хлоркальцийлі типті қойнауқаттық сулардың тығыздығы 1078-1105 кг/м3, минералдылығы 127,1-162,5 г/л. Кен 1992 жылы пайдалануға берілген.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ақінген газ-мұнай кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}