Ақтайлақ Байғараұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақтайлақ Байғараұлы (Ақтайлақ би) 1720-1816 жылдары аралығында ғұмыр сүрген, қазақ халқының атақты шешен биі, әрі төкпе ақын. Ақтайлақ бидің туған ауылы, шыққан ата-тегі жөнінде оның бүгінгі ұрпақтарының бірі, әдебиет зерттеушісі Серікқазы Қорабаев өзінің Ақтайлақ биге арнаған кітабында былай жазады:

... "Семей облысының Жарма, Аякөз, Таскескен аудандарын мекендеп отырған найман ішіндегі Сыбан руының Жангөбек тармағынан шыққан Нарынбай сөзге шешен, әділ би болған екен. Оның баласы Құттыбай қазақ шежіресінде асқан шешендігіне орай "Қу дауысты Құттыбай" деген атпен белгілі болған. Құттыбайдан Байғара, Боран, Ботақара, Сейтен тарайды. Шетінен сөзге жүйрік, шешен болғандықтан бұл төртеуін ел арасында "Бас ауыл" деп атаған. Сол төрт Құттыбайдың Байғарасынан туған Ақтайлақ би заманында алдына жан салмайтын, үлкен рулардың шешендігімен бас қосқан алқалы жиындарда сөйлесіп қағысқанда бір ауыз мақалмен немесе толғау жырымен ел тоқтататындықтан қазақтың қара тілі атаныпты. Ақтайлақ би шамамен 1720 жылы қазіргі Семей облысының Абай, Жарма аудандары ортасындағы Құндызды өңірінде туып, жүзге қараған шағында дүниеден өткен екен. Зираты Аягөз ауданының "Ақши" кеңшарының жерінде.<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref><ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Ақиық ақынның ғасыр жасағанына оның:

Екі қырық, бір он бестен асып тұрмын, Аяқты апыл-тапыл басып тұрмын, - дейтін өлең жолдары куә болады" <ref>(Ақтайлақ би, А; 1991 ж. 4-бет)</ref>.

Ақтайлақ биден тарайтын Әкімбай, Кеңсебай, Жарасбай, Сабырбай ұрпақтары бүгінде өсіп өнген. Семей, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында еңбек етеді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}