Ақбозат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

АқбозатТемірқазық төңірегіндегі γ жұлдызы. Қазақ аңызы бойынша Жетіқарақшының Темірқазыққа шылбырмен байланған екі атының бірі. Жарықтығы жағынан Темірқазық (α) пен Көкбозаттан (β) кейінгі үшінші орында. Ақбозат – аспанның солтүстік полюсіндегі жыл бойы батпайтын жұлдыздардың бірі. Қазақ халқы ертеректегі тұрмысында Ақбозатты Темірқазықпен бірге бағыт-бағдар алуға жиі пайдаланған.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}