Ағынды фазалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағынды фазалары (Фазы стока) ағынды гидрографының қалыптасу процесінің элементтері. Олар қоректену жағдайының өзгеруіне орай: 1) су тасу кезеңі; 2) тасқындар кезеңі; 3) судың сабасына түсу кезеңі болып сараланады. Су тасу кезеңі жыл бойындағы ең көп сулылығы мен, су деңгейінің биік әрі ұзақ көтерілуі мен және, әдетте, судың жайылмаға тығуымен сипатталады. Басты қоректену (толысу) көзіне тікелей тәуелді (жазық өзендері үшін — қар еруі, биік тау өзеңдері үшін — мұздықтар мен қарлар еруі, муссондық және тропиктік аймақтар үшін — жазғы ұзақ жаңбырлар). Бір климаттық белдеудегі өзендер үшін су тасу кезеңі жыл сайын тұрақты қайталанып, тек ұзақтығы мен күші өзгеріп отырады. Іле өзені су тасу фазасы көктем жаз болса (мұздықтар мен жауыншашын), Нұра өзені үшін жазғытұрымғы бір ай (көктемгі қар еруі). Тасқын су фазасы жыл сайын қайталан байды және су деңгейінің тез әрі қысқа мерзімде көтерілуімен сипатталады. Таскындар ұзақ нөсер немесе қысқы жылы мықта қар еру барысында қалыптасады. Кей жағдайларда (әсіресе кішігірім алаптарда) тасқынның биіктігі су тасуының биіктігінен асып түсуі мүмкін. Судың сабасына түсу кезеңі өзен сулылығының аздығына және жер беті ағындысының азаюына немесе сарқылуына байланысты су деңгейінің төменгі қалыпта ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Бұл фазада өзен негізінен жер асты суымен қоректенеді. Көпшілік өзендерде судың сабасына түсуінің кезеңдері жазғы және қысқы кезеңдер болып бөлінеді.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}