Ағындыны аумақтық қайта үлестіру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағындыны аумақтық қайта үлестіру (Территориальные перераспределения стока) — табиғат жағдайында су ресурстарының кеңістікте және аумақтық үлестірімінің біркелкі болмауына байланысты, елдегі халықты, халық шаруашылығын сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында су ресурстарын гидротехникалық құрылыстар, каналдар арқылы кеңістікте жасанды жолмен қайта үлестіру. Ағындыны аумақтық қайта үлестіру — сумен қаматамасыз ету мәселесін шешудің бір тәсілі. Қазақстандағы өзендік ағындыны аумақтық қайта үлестіру мәселесіне қатысты су шаруашылық кешеніне (СШК) өзен арналарына салынған 340 бөгеттік су тораптары мен бас тоған имараттары, кешендік мақсаттағы жалпы ұзындығы 1000 километрден асатын ірі алапаралық және алап іші су тасымалдау каналдары, ұзындығы 13000 километрден асатын топтық су құбырлар жүйесі кіреді. Ертіс-Қарағанды, Арыс-Түркістан, Үлкен Алматы каналдары ағындыны аумақтық қайта үлестіруге мысал бола алады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}