Үлкен Алматы каналы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлкен Алматы Каналы — гидротехникалық құрылыс. Шілік және Шамалған өзендері аңғарларын қосады. Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай, аудандары жерімен ағады, Алматы қаласын шығыстан батысқа қарай қиып өтеді. Алматы облысы тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуді түбегейлі жақсарту үшін салынған. Құрылысы 1979 ж. басталды. Бастауындағы бөген (алғашқы кезегі 1982 ж. іске қосылған) теңіз деңгейінен 1010 м жоғары жатқан Бартоғай шатқалында. Шілік өзенінің жайылмасындағы бөгеттің биікт. 60 м, ұзындығы 330 м. Бартоғай бөгенінің сыйымд. 320 млн. м3, су айдынының ауданы 14 км². Каналдың жалпы ұзындығы 170 км, тереңд. 4 — 4,5 м, ені 6 — 25 м. Алматы қ. шегіндегі арнасының ені 30 м-ге дейін жеткізілді, тереңд. 1,5 — 2,0 м-етрей. Каналдың бас жағындағы су ағымы 87 м³/с, қала ішіндегі телімінде 25 м³/с. Су қаланың өнеркәсіпті аймақтарының тұсынан құбырмен ағады. Каналдың ұзына бойында 550-ден астам гидротех. қондырғылар (су жинауыш, су бөлгіш, тұндырғыш, т.б.) іске қосылған.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}