Ағылшын музыкасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағылшын музыкасы - кельттердің музыка мәдениетінен басталады. Ал кельт музыка мәдениетін таратушылар бардтар болған. Британдық аралдарда тұрып жүрген халықтардың музыкалық фольклорының ұлттық өзгешелігі бола тұра, көп дауысты элементтері бар, айқын ырғақтық — 4/4, 6/8,3/4, ионий, дорий және миксолидий мәнерлерінің (ежелде пентатоникасы басымырақ болған) қолданылуы ортақ болып табылады.

Аспапты жанрлардың қатарында билер де бар: жига, контрданс, хорнпайт. Ежелгі халық аспаптары: пайп(сыбызғы), рекордер (флейта), фиддлъ (скрипка), тейбор (барабан); кейіннен арфа, лира, лютня, сүйрекі (волынка, месқобыз) және т.б. пайда болды. Хорлық полифония, оның ішінде гимель және форбурдон формасы дамытылады; органда ойнау литургияға енеді, сонымен бірге пернелі және үрмелі аспаптар қолданыла бастады.

XI-XVIII ғасырлардағы ағылшын музыкасы

XI—XIV ғасырлар менестрельдердің музыкалы-поэтикалық өнері таралды. XIV ғасырдың екінші жартысында зиялы ақсүйектік музыка өнері дамиды, сарай маңында вокалдық және аспаптық капеллалар құрылады. XV ғасырдың бірінші жартысында Дж.Данстейблдың басшылығымен полифонистердің ағылшындық мектебі жаңартылды. XVI ғасырда әр түрлі музыка аспаптары үшін, оның ішінде вёрджинела (халық әндер, қиял-ғажайып және т.б. тақырыптарға вариациялар) үшін және әр түрлі камералық-аспаптық ансамбльдер, яғни консорттары (әр түрлі аспаптарда ойнайтын орындаушылар) үшін музыка құрылады. Жазып алынған музыка қоймаларының гомофондық-гармоникасы, мажорлық-минорлық жүйесі қалыптасады. Шіркеулік музыкаға — месса, магнификат және т.б. ірі формалар енеді, дүниежүзілік музыкаға мадригал жатса, оның ағылшын музыкасындағы бірінші үлгілері У.Бердке жатады. XVI ғасырдағы ежелгі ағылшындық сазгерлердің арасында — К.Тай, Дж.Тавернер, Т.Таллис, Дж.Дауленд, Дж.Булл бар. Дүние жүзілік ағылшын музыкасының орталығы — Патшалық сарай. XVII ғасырдың басында өз бастауын мистериялардан, ең алдымен, маска түрінен алып келген ағылшын музыкалық театры қалыптасты, музыкасын А.Феррабоско, ағайынды Лоустaр және т.б. жазған. XVII ғасырдың ірі сазгері Г.Перселл сол кездегі барлық жанрларда шығармалар жазды; "Дидона мен Эпей" (1689) тәрізді алғашқы ағылшындық операның авторы. Бұл операмен ағылшындық музыканың дамуының кезеңі аякталды.

XVIII ғасырдың басынан және XIX ғасырдың аяғындағы дағдарыс кезеңі

XVIII ғасырдың басынан және XIX ғасырдың аяғына дейін ағылшын музыкасы дағдарыс кезеңін бастан өткерді. Ұлттық музыка мәдениетіне шетелдердің әсері тиеді, Италияның операсы ағылшындық аудиторияны жаулап алады. Драматург Дж.Гей және сазгер Дж.Пепуштың пародиялық "Кедей операсында" (1728) итальяндық операға аса кызығушылық әзіл-күлкіге айналды. Осы опера менестрельдер дәстүрімен байланысты аңыз операсының дамуына бастау болды. Англияда көрнекті шетелдің музыканттары жұмыс істеді, оның ішінде Г.Ф.Гендель Лондонда шамамен 50 жылдай өмір сұрді; оның библиялық және антикалық сюжеттерге құрылған опера- лары мен ораториялары ағылшын музыкасының Италия музыкасының әсерінен шығуына ықпал етті. Мұнда И.К.Йоганн Себастиан Бах (лондондык Йоганн Себастиан Бах) жұмыс істеді. Й.Гайдн Ұлыбританияны екі рет (XVIII ғасырдың аяғы) аралағанда "Лондондық симфонияларды" жазған. XVII—XVIII ғасырларда Лондонда музыкалық театрлар (онда сол кездегі сазгерлердің музыкасымен бірге У.Шекспир және т.б. пьесалары койылады), музы- калық ұжымдар, музыка шығаратын фирмалар кұрылған.

Музыкатану теориясының пайда болуы

XVI ғасырдан бастап Оксфорд және Кембридж университетінде музыкатанудың теориялық негіздері қаланды. XIX—XX ғасырлар шегінде ағылшын музыкасы жаңғыртыла бастайды, яғни ұлттык музыкалық дәстүрлерді жаңғырту қозғалысы, ағылшын музыкалық фольклоры мен XVII ғасырдағы өнерпаздардың жетістігіне деген көзқарасын көрсеткен. Бұл баламаларда ағылшындардың жаңа сазгерлік мектептерінің шығармашылығын бейнелейді. Оның көрнекті өкілдері — Э.Элraр, Х.Пэрри, Ф.Дилиус, Г.Холст, Р.Воан-Уильямс, Дж.Айрленд, Ф.Бридж; сазгерлер мен музыкатанушылар — С.Шaрп, Дж.А.Фуллер-Мейтленд және т.б. кейбір сазгерлердің шығармаларына экспрессионизмнің, конструктивизмнің, неоклассицизмнің әсерлері тиді.

Лондон - Еуропадағы музыкалық өнер орталығы

XVIII ғасырда Лондон Еуропадағы музыкалық өнер орталықтарының бірі болып қалды. Осында гастрольде болғандар: Ф.Шопен, Ф.Лист, Н.Паганини, Г.Берлиоз, Р.Вагнер, Дж.Верди, А.Дворжак, П.И.Чайковский, А.К.Глазунов және т.б. "Ковент-Гарден" театры (1732), Патшалық музыка академиясы (1822), Тринити колледжі (1872), Патшалық музыка колледжі (1883), Ескі музыка академиясы (1770, Лондондағы бірінші концерттік коғам), кэтч-клуб (1761), Патшалық музыка қоғамы (1762), Филармониялық қоғам (1813) және Жаңа филармониялық қоғам (1852), Патшалық хор қоғамы (1871), Йоганн Себастиан Бахтың хоры (1875). 1784 жылдан бастап Лондонда Генделевтік фестивальдер (1857 жылдан бері) өтеді. Фирманың негізгі музыкалық аспабы — "Бродвуд" болатын. XIX ғасырдың аяғынан бастап музыка ғылымы дамиды, оның ішінде музыкалық лексикография да бар. Музыкатанушылардың арасында — Дж.Гров, Д.Ф.Тови, Э.Прaутты атап өту керек.

XX ғасырдағы ағылшын музыкасы

XX ғасырдағы ағылшын музыкасының ірі өнерпаздарының бірі — Б.Бриттен операларын ("Питер Граймс", 1945; "Альберт Херринг", 1947; "Кедей операсы", 1948; "Жазгы туннің ту>сі", 1960 және т.б.), ораторияларын, аспаптарын, хорын жәнө т.б. құрды. Көптеген эстрадалық ансамбльдердің арасында "Битлз" (1956—1970), "Роллинг Стоунз" (1963 бастап) және т.б. ансамбльдердің атағы ерекше шықты. Елдің түрлі қалаларында музыкалық фестивальдер (оның ішінде Оксфорд пен Лондондағы Йоганн Себастиан Бах атындағы) өткізіледі, музыкалық театрлар жұмыстарын жалғастырады (оның ішінде "Конвент-Гарден" және ағылшындардың ұлттык операсы), симфониялық және камералық оркестрлер (оның ішінде Лондондық филармония, Би-Би-Си), хорлық және оркестрлік коғамдар, хорлар, әр түрлі эстрадалық ансамбльдер кұрылды.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Өнер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ағылшын музыкасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}