Ағаштың безі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ағаштың безі (үйілі, ұрысы, тошыны ) - ағаш діңінде немесе түбірінде пайда болған, әбден қатайып беріш болып қалған бөлігі. Ағаштың діңіндегі шодырайып шыққанын ағаштың ұрысы, бұтақ пен діңнің арасындағы шыныланып қатайып қалған бөлігін ағаштың безі деп ажыратады. Без ағаштың «көзі» бүршік атпай (жарылмай), «бұйыққаннан» пайда болады. Қобызды мадақтағанда «ақ қайыңның безінен қағып алған» дейді. Ағаш безінен бұйым жасау оның қатты болуына байланысты құрал-сайманның өткірлігін, оюшы шебердің қолының қарымын талап етеді. Ағаштың ұрысынан, безінен жасалған бұйым уақыт өте келе қызыл қоңыр, шұбар түсті табиғи өрнегі (текстурасы) ашыла түсетіндіктен онан құты, саптыаяқ, тостаған, ағаш аяқ сияқты әртүрлі ыдыс түрлерін жасайды. Ілияс Жансүгіров ағаштың безінен жасалған саптыаяқтың мықтылығы туралы «Қабаққа біткен қайыңның, Беріші еді, безі еді», - деген болатын. Шеберлер емен, ырғай, қараағаштың безінен (көзі үйлі, берішінен) ағаш балға, шоқпар, сойыл және т.б. сан алуан құралдар мен бұйымдар да жасаған.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ағаштың безі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}