Ащыкөл ойысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ащыкөл ойысы Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында, Сарысу, Шу өзендерінің төменгі ағысында жатқан ойыс. Ол Бетпақдаланың жазықты оңт.-батыс бөлігінде ендік бағытта 80 км-ге созылып жатыр. Енді жері 25 км-дей. Өзендердің құмтасты-сазды және құмды аллювийлі шөгінділерінен түзілген. Ойыстың орта тұсында Ақжайқын және Ащыкөл көлдері орналасқан. Климаты континенттік. Қаңтардың орташа температурасы –11°С, шілдеде 27°С, жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 150 мм. Сор, сортаң және шалғынды сортаң топырағында қамыс, айрауық, ажырық, боз жусан, теріскен және баялыш өседі. Үлгі:Суретсіз мақала

Дереккөздер

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub