Ахат Имантайұлы Жақсыбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ахат Имантайұлы Жақсыбаев (5.7.1940 жылы туған, Павлодар қаласы) — жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1991).
Өмірбаяны
- 1958 — 1960 жылдары Екібастұз қаласында дренажды шахтада жұмыс істеді.
- 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін филология факультетінің журналистика бөлімін бітірді.
- 1965 — 1967 жылдары “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі,
- 1972 — 1992 жылдары “Жұлдыз” журналының жауапты хатшысы,
- 1993 — 1998 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы,
- 1998 — 2000 жылдары “Ақиқат” журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.
- 2001 жылдан “Жас өркен” балалар басылымдары акционерлік қоғамының президенті.
- 2005 жылдың шілде айында «Жас өркен» ашық акционерлік қоғамы «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта қүрылуына байланысты «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды.
- 2007 жылдың ақпан айында өтініші бойынша қызметтен босатылып зейнетке шығып, еркін шығармашылық жұмысқа көшті.
Шығармашылығы
- “Менің достарым” (1968)
- “Қайырлы таң” (1970)
- “Бозарал” (1973) повестері
- “Егес” (1975)
- “Бөгет” (1981)
- “Қорған” (1991) романдары жарық көрген.
- Г.Хаггардың “Маргарт ару” романын, Р.Медведевтің “Сталиннің серіктері” кітабын, В.Астафьевтің “Өмір өткелдері” повесін қазақ тіліне аударған.
Жетістіктері
- 1971 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
- 1976 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі.
- 1993 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы боп сайланды.
- 1991 жылы «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағы берілді.
- 1978 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды
- 2002 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
- 2007 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>