Ауыл оттары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ауыл оттарыҚазақ теледидары Жастар редакциясының көп адам қатысатын 45 минуттан 1 caғат 20 минутқа дейін жүретін ауқымды бағдарламасы. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Оған бір ауданның немесе ірі шаруашылықтың еңбек адамдары, өнерпаз жастары қатысты. Солтүстік Қазақстанның Жамбыл, Талдықорғанның Панфилов, Оңтүстік Қазақстанның Мақтаарал, Алматы облысының Жамбыл, Семей облысының Шұбартау ауданынан хабарлар ұйымдастырылды. Ол кезде бейнежазу аппараты болмағандықтан, барлық хабарлар (киносюжеттен басқа) әуе толқынына тікелей шығатын. Редакторы және жүргізушісі — Амангелді Жақсыбеков.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}