Ат-шапан айып

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ат-шапан айып , ат-тон айып — қазақ қоғамында ертеде кең тараған жаза түрлерінің бірі. Ол ат немесе үштен көп қой ұрлағаны, ар-намысқа тіл тигізгені, қалың малын түгел бермей, қалыңдықты алып қашқаны, “қарғы бау” беріп, қыз айттырғаннан кейін сөзден тайғаны, ас пен тойды бұзғаны, үйіне қонақ түсірмегені т. б. теріс қылықтары үшін белгіленетін болған. Ат-шапан айып негізінен мүліктік қылмыс үшін, сондай-ақ жеке адамға (кісі өлімі мен ауыр жарақаттан басқа), басқару тәртібіне қарсы қылмыс үшін және қылмыстың кейбір басқа түрлері үшін белгіленген. Оның мөлшері бірдей болмаған. Билік иелерінің жеке басына және мүліктік мүддесіне нұқсан келтірген жағдайда ат-шапан айып-тың мөлшері қарапайым адамдардың мүдделеріне нұқсан келгендегіден анағұрлым жоғары белгіленген. Ат-шапан айыптың мөлшері (екі есе, үш есе) жәбірленушінің мүддесін қорғаған билер сотына тәуелді болды. Ат-шапан айып жәбірленуші жақтың пайдасына толық берілмей, оның белгілі бір бөлігі төреші бидің үлесіне тиісті болған. Ат-шапан айыпты төлей алмағандарға қылмыстық жазаның неғұрлым ауырырағы белгіленді. Өркениетті заманда ол шара жойылған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ат-шапан айып|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}