Ат-Татил

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ат-Татил(«айыру»). Мұсылман теологтарының мынадай ілімдерге анықтама бергенде өз ұйғарымдарынша қолданған термині:

  • 1) әлемнің жаратылысын кездейсоқтық деп санайтын «кейбір дахриттердің» ілімінде көрсетілгендей, әлем жаратушысынан айрылады;
  • 2) әлем ежелден мәңгілік деп есептейтін дахриттер ліміндегідей жаратушы жаратқан дүниесімен аластатылады;
  • 3) «кейбір көне дәуір философтарының», «әсіре» шииттер мен батиниттердің ілімінше, жаратушы атрибуттардың, атауларынан, талдауларынан айырылады,
  • 4) Құдайдың үлесін аралық қана деп және жарамсыз атрибуттармен сипаттаған шығыс перипатеттері іліміндегі жаратушы мәнді, жағымды мағыналы атрибуттарынан айырылады немесе
  • 5) мутазилашылардың ат-таухид ілімі бойынша, жаратушы ежелгі маңызды, тек өзіне ғана тән атрибуттарынан айырылады;

Құранның сөздері мен сүрелері:

анықтап айтқанда, өзінің мазмұндық мағынасы жағынан өте «анық» қасиетті сөздер символдык-аллегорикалық талдауға түскен кезде қолданылады. Осы мәндердің бәрінде де ат-Татил термині ойшылдар мінездегенде қолданылатын әл-муаттила термині сияқты, жоғарыдағы 3 - 5 бөліктерде айтылған Құдайды атаулары мен талдауларынан «айыратын» жағымсыз мағынада болды.

Бұл ойшылдардың өздері осыған лайықты көзқарастарын ат-танзих деп бағалап, ат-ташбихқа қарсы қойды.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub