Атажұрт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Атажұрт- этникалық ұжымның (ру, тайпа, тайпалық одақ, елдің) байырғы ата-бабадан ұрпақтарына мирас болып қалған ежелден өсіп-өнген, өрбіген, ел болып қалыптасқан тарихи мекені. Қоғамдық- әлеуметтік корпоративтік қатынастардың, жер-суға байланысты ұжымдық меншіктің, ру, тайпаралық құқықтық институтционалдық қатынастардың негізінде қалыптасқан бұл институттың этникалық қауымдастыктың бірегейлену үрдісінде ықпалы ерекше болды. Қазақтар өзінің іргелі ел, қабырғалы халық болып қалыптасуын ең алдымен «кеңістікпен» (атажұртпен), белгілі бір «уақытпен» ( заманмен), көрнекті «тұлгалармен» байланыстырады. Сондықтан ел болып құрылған уақытын қой үстіне бозторғай жұмыртқаланған заманға, ал байырғы жұртын алтын бесікке балайды. Атажұрттан согыс, шапқыншылық, қуаңшылық т.б. себептерге байланысты ауғанда жер-су мен жылап қоштасу, оның аққан бұлағын, өзен-көлдерін, таy-тасын, жан-жануарларын, ел-жұртын жырға қосып айту салты болған.

Қазтуған жыраудың Еділден ел ауғандағы қоштасу жырында былай деген екен:

Алаң да, алаң, алаң жұрт, 
Ақала ордам қонған жұрт, 
Ашаvыз біздің б9 сүйініш 
Күйеу болып барған жұрт, 
Анамыз біздің Бозтуған 
Келіншек болып түскен жұрт, 
Қарғадай мына Қазтуған 
Батыр болып туган жұрт

Бұл жырды этникалық санадағы атажұрт ұғымының поэтикалық репрезентациясы деуге де болады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Атажұрт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}